1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Зерттеу проблемасының шынайылығы



бет6/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

12. Зерттеу проблемасының шынайылығы
Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме?
Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады.
13. Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі, мазмұны
Зерттеу тақырыбының негіздемесін ашып көрсететін “көкейкестілік”, “зерттеудің көкейкестілігі”, “зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері”, “көкейкестілікті анықтайтын әдістер” және т.б. түсініктер бар. Көкейкесті деген сөз: 1) осы сәтке өте маңызды: Көкейкесті тақырып; 2) “Болмыста көрініс табатын, өмір сүруші” деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі – ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылым және практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді.Көкейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытысын нұсқайды, қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзектілігін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғылымтануда бағыт – даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп; ортақ мақсатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен жұмыстар тобы. Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратына кіріспе бөлім ретінде енетін оның тақырыбының көкейкестілігінің негіздемесі 2-3 бет көлеміндегі мәтіннен тұрады Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.
14. Педагогикалық зерттеу логикасы
Педагогикалық зерттеу – бұл білім берудің заңдылықтары, құрылымы мен механизмі, мазмұны, принциптері мен технологиясы жайында жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет процесі мен нәтижесі. Зерттеу жұмысының логикасы және құрылымы – зерттеудің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу проблемасы,зерттеу мақсаты, обьектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және өндіру, зерттеу базасы
Логика - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды. Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет