1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


«АКТ» пәнін оқыту үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарын талддап түсіндіріңіз



бет33/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

17.«АКТ» пәнін оқыту үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарын талддап түсіндіріңіз
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
- оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
- оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;
- мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
Информатика пәнінде сабақты ұйымдастырудың басты тәсілі ойын болып табылады. «Ойын» сөзі курстың атауына кездейсоқ енгізілген жоқ. Психологтардың дәлелі бойынша, 6-10 жас шамасындағы балалардың қызметінде ойын бастапқы орында тұрады.
Оқыту – өте күрделі және жан-жақты үрдіс. Оқыту мұғалімнің де, оқушылардың да белсенді қызмет етуін талап етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас» деген қанатты сөз бар. Бұған дейін мұғалімнің басты міндеті білім беру болса, қазіргі талап – оқушыны оқу үрдісіне тарту, өздігінен еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
АКТ пәнін ұйымдастырудың тағы бір формасы сынып-сабақ.Сынып-сабақ әрекетін ұйымдастыру үлгілерін табысты ұйымдастыру үшін:
-сабақ эмоцияға толы, оқуға деген қызығушылықты оятып, білімге деген тұтынушылықты тәрбиелеу қажет;
-сабақ қарқыны мен ырғағы оңтайлы, мұғалім мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы қажет;
-мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында толық байланыс болып, сабақта педагогикалық ырғақ пен педагогикалық оптимизм сақталуы тиіс;
-сабақта жайлы жағдай мен белсенді шығармашылық еңбек ету басымдылық етуі керек;
-мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін ауыстырып отыру керек, оқытудың алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін оңтайлы пайдаланған жөн;
-сабақ барысында шаршағандық пен қысымды басатын ойындар оқушыларға әрекет ету үлгілерін ауыстыруға мүмкіндік береді;
Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданылады, олар оқушының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді:
-диалог;
-ойын әдістемелері;
-ақпараттық минуттар;
Әр білім жемісті қалыптасу, ең біріншіден, оқушылардың бұл білімді алу ынтасына байланысты. Оқу үрдісінің қалыптасуы оқу формасымен тікелей байланысты.
Психологияда оқыту мотиві екі жолда дамитындығы дәлелденген:
-оқушылардың оқудың қоғамдық мәнін меңгеру арқылы;
-оқушының оқу іс-әрекеті арқылы.
АКТ пәнін ұйымдастыруда топтық формасын қолдану өтіліп жатқан пәнге қызығушылықты арттыратыны психологиялық әдебиеттерде көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларында жұмысты кіші топтарда ұйымдастыру лайықты, демек, топтың қалыптасуы дәлелдік үрдісте құрылу керек: егер пәнге бейтарап қарайтын балаларды пәнді жақсы көретін балалармен біріктірсе, біріккен жұмыс нәтижесінде біріншілер пәнге деген қызығушылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет