24. Ақпараттық құзыреттілік ұғымын талдап жазыныз Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
ақпараттық;коммуникативтік (қатысымдық);
Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Ақпараттық құзыреттілік - компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіби қызметке тәуелсіз және сәтті қатысуға бағытталған білім, дағды және іс-әрекет әдістері.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның
құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игееруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау,
оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
жан-жақты қолдану қабілеті. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім,
білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты -оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп,оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай,коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгертен мұғалім болуы тиіс.