1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Компьютерде оқушылардың практикалық жұмысына арналған тапсырмаларды мысалдармен көрсетіңіз



бет65/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы
3 сынып ҚМЖ жаңа.472-бұйоық., Japonya’da birleştirilmiş sınıf uygulamaları ve tarihçesi-, Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
28.Компьютерде оқушылардың практикалық жұмысына арналған тапсырмаларды мысалдармен көрсетіңіз
29.Оқушылардың білімін бекіту үшін мысалдармен жаттығулар көрсетіңіз.
30.Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар түрлерін мысалдармен көрсетіңіз
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алуға болады:

  • Оқу іс — әрекетіне балаларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір- біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой — өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.
Оқу іс – әрекетінде тапсырмалардың мынадай түрлерін пайдалануға болады:

  1. «Бір сөзбен ата» әдістемесі

  2. «Не артық» әдістемесі

  3. «Суреттерді есте сақта» әдістемесі

  4. «Қисынсыздықтар» әдістемесі

  5. «Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі

  6. «Айырмашылықтарын тап» әдістемесі

  7. « Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

  8. «Белгілерді қой» әдістемесі

«Бір сөзбен ата» әдістемесі
Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет,мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.
«Не артық» әдістемесі
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.
Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.
Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады.Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс.Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.
Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.
«Қисынсыздықтар» әдістемесі
Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»
«Жыл мезгілдері» әдістемесі
Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.
Тапсырма: балаға суретті көрсетіп,оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан,сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі,өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес , нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.
Қорыта айтсақ, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған логикалық тапсырмалар, тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар бала білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет