24. Этилацетатты алу
Этилацетат этанолдың сірке қышқылымен тікелей әрекеттесуінен түзіледі (этерификация реакциясы):
Этилацетатты алудың зертханалық әдісі этил спиртін ацетилхлоридпен немесе сірке ангидридімен ацетилдеу:
CH3COCl+C2H5OH—CH3COOC2H5 + HCl
Этилацетатты синтездеудің өнеркәсіптік әдістеріне мыналар жатады:
1 Этил спирті, сірке және күкірт қышқылдары қоспасын айдау.
2 Этил спиртін кетенмен өңдеу.
3 Жоғары температура мен қысымда этил спиртінің сусыздануы [8].
4 Алюминий алкоголатының каталитикалық мөлшерінің қатысуымен 0-5 °С температурада сірке альдегидінен Тищенко реакциясы арқылы синтездеу:
2 CH3CHO- CH3COOC2H5
Достарыңызбен бөлісу: |