Кері фазалық хроматография Кері фазалық сұйық хроматография (RPLC) - жылжымалы фаза стационарлы фазадан едәуір полярлы болатын кез-келген сұйық хроматография әдісі. Оның бұлай аталу себебі, қалыпты фазалы сұйық хроматографида жылжымалы фаза стационарлы фазаға қарағанда азырақ полярлы. RPLC-да жылжымалы фазадағы гидрофобты молекулалар гидрофобты стационарлы фазаға адсорбцияланады. Сндықтан да, жылжымалы фазадағы гидрофильді молекулалар алдыға жылжып, бірінші болып бағаннан элюцияланады. Бөлу бағандары әдетте кремний бөлшектерінің субстратымен байланысқан C8 немесе C18 көміртегі тізбегінен тұрады.