Симуляцияланған қозғалмалы төсеніш хроматографиясы Симуляцияланған қозғалмалы төсеніш (SMBC) әдісі - өнімділігі жоғары сұйық хроматографиясының бір түрі; бұл әдіс басқа жолмен бөлінуі қиын немесе бөлінуі мүмкін емес бөлшектер мен химиялық қосылыстарды бөлуге қолданылады. Бұл жоғары өнімді бөліну клапан-бағандық қондырғы арқылы жүзеге асырылады. Бұл қондырғы арқылы стационарлы фазаны шектеусіз ұзартуға болады. Препаративті хроматографияда қолданылатын қозғалмалы төсеніш әдісінде енгізу және аналиттердің шығарылуы бір уақытта және үздіксіз болады, бірақ үздіксіз қозғалатын төсенішпен туған қиындықтарға байланысты, симулцияланған қозғалмалы төсеніш әдісі ұсынылды. Төсенішті жылжытудың орнына симуляцияланған қозғалмалы төсеніш әдісінде үлгіні енгізу және аналиттердің шығу позициялары үнемі өзгеріп отырады, бұл төсеніш жылжып жатқандай әсер береді. Шынайы қозғалмалы төсеніш хроматографиясы тек теориялық түсінік болып табылады. SMBC тек оның симуляциясы. Бұған бір-біріне жалғанған бірнеше бағандарды және үлгіні мен еріткішті беретін, сонымен қатар кез-келген бағанның тиісті орындарынан аналит пен қалдықтарды шығаруды қамтамасыз ететін, онымен қоса, бірдей уақыт аралықтарында үлгі мен еріткішті қарама-қарсы бағытта беріп, аналит пен қалдықтарды шығару позицияларын сол уақытта өзгерте алатын күрделі клапан қондырғыларын қолдану арқылы қол жеткізілді.