1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


) Еңбекке жарамсыздық сараптамасын ұйымдастыру



бет50/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
44) Еңбекке жарамсыздық сараптамасын ұйымдастыру

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 маусымда № 10964 тіркелді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға ережеге сәйкес нысан бойынша: 1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған; 2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған; 3) жүктілікті жасанды үзген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) жүкті болған және босанған; 6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген; 8) карантин; 9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын: 1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді; 2) мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді. 7. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы: 1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін; 2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы; 3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар; 4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.

2-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру тәртібі

9. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты, ұсынған кезде беріледі. 10. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады. 11. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі. 12. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге жол берілмейді. 13. Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі. Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады. Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

16. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы стационарға емдеуге жатқызылған жағдайда емдеуге жатқызылған күннен бастап, бекітілген жері бойынша (басқа қаладан келген адамға - жүгінген жері бойынша) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымда амбулаториялық жағдайларда емделген жағдайларда травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып беріледі. Егер адамға жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте жұма күні, демалыс және мереке күндері қызмет көрсетілсе, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым, травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді және одан кейінгі демалыс пен мереке күндерін олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып береді.

18. Белгіленген туберкулез, психикалық, тері-венерологиялық, онкологиялық және (бұдан әрі - АИТВ/ЖИТС) аурулары кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлімшелердің, кабинеттердің) тиісті медицина қызметкерлері береді. Осы аурулармен ауыратын адамдар жалпы бейінді медициналық ұйымдарға жүгінген кезде медицина қызметкері кейіннен міндетті түрде адамды мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлімшеге), ондай болмаған жағдайда бейінді маманға жібере отырып, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет