Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 мамырда № 9427 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен
Наркологиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарына:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миинистрлігінің "Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – НМӘП РҒПО);
2) облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, 100 000 мыңнан астам халық саны бар қалалардағы облыстық наркологиялық орталықтардың филиалдары, наркологиялық кабинеттер, уақытша бейімделу мен детоксикация орталықтары (бұдан әрі – наркологиялық ұйымдар);
3) меншік нысанына қарамастан, құрылымында оларға жүктелгендерге қарай наркологиялық кабинеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар жатады.
9. Бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмекті мынадай бөлімдер (бөлімшелер) мен наркологиялық қызметтің арнайы топтары көрсетеді:
1) тұрақты орналасқан объект және бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің негізгі құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік (емханалық) бөлімшесі;
2) алкогольге қарсы және есірткіге қарсы (облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесінің жанында жұмыс істейтін) насихаттау кабинеті;
3) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің не басқа да құрылымдардың жанында жұмыс істейтін жасырын наркологиялық консультация беру (немесе телефондық-консультациялық қызметі) кабинеті;
4) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті;
5) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесінің жанында жұмыс істейтін медициналық ұйым басшысының бұйрығының негізінде құрылатын өңірдің тұрғындарына бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек көрсету жөніндегі арнайы топ.
10. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер) және наркологиялық қызметтің арнайы топтары:
1) тұрақты орналасқан объект және бастапқы наркологиялық көмек көрсету жөніндегі арнайы топтың, осы кезеңде жұмыс істейтін басқа бөлімшелердің (кабинеттердің) қызметін негізгі үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесі;
2) жасырын (телефонмен) консультация беру кабинеті не наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым жанында жұмыс істейтін арнайы мамандандырылған телефондық - консультация беру қызметі;
3) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті;
4) бастапқы наркологиялық көмек кезеңін іске асыру бойынша медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылатын наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлерінің арнайы тобы (наркология бойынша тақырыптық жетілдіруі бар психиатр - дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, оңалту бойынша нұсқаушылар – тәуелділік бойынша консультанттар);
11. Амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер):
4. Наркологиялық көмек алатын халықтың нысаналы топтары
16. Бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек кезеңі халқының нысаналы топтары:
1) балалар, жастар;2) ПБЗ-ға тәуелдікке тарту бейіні бойынша жоғары қауіпті топтар (қараусыз қалған балалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, жұмыссыздар, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар, мигранттар және басқалары);
3) ПБЗ-ға тәуелділікті қалыптастырудың жоғары қаупі бар балалардың отбасылары.
17. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінің нысаналы топтары:
1) зиян салдары бар ПБЗ тұтынушы, бірақ қалыптасқан тәуелділік белгілері бар адамдардың тобы;
2) ПБЗ тәуелді тұлғалар тобы;
3) тәуелдес тұлғалар тобы.
18. Амбулаториялық ем және оңалту кезеңінің нысаналы топтары:
Наркологиялық көмек көрсету кезеңдерінде пайдаланылатын
негізгі әдістемелер
1) диагностикалық әдістемелер:
бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек кезеңнің нысаналы топтарына жататын тұлғалар арасында ПБЗ тәуелділікке тарту қауіптерін психологиялық диагностикалау;
балаларда және жасөспірімдерде ПБЗ тәуелділікті қалыптастыруға себепші болатын үйлесімді емес отбасылық ара-қатынастарды (жоғары қауіпті отбасылар) психологиялық диагностикалау;
2) ақпараттық және консультациялық әдістемелер: ПБЗ-ға тәуелді болуға жоғары қауіпті бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңнің нысаналы топтарына жататын тұлғаларға жеке наркологиялық консультация беру;
балалардағы ПБЗ-ға тәуелділіктің қалыптасу қаупі жоғары отбасыларының мүшелеріне наркологиялық консультация беру;
БЗ-ға тәуелділікті ерте диагностикалау және тартудың жоғары қауіптерін түзету мәселелері бойынша педагог – психологтарға, мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға және валеолог – педагогтарға наркологиялық консультация беру;
сенім телефоны арқылы ПБЗ-ға тәуелділікке тартудың тиімді профилактикасы мәселелері бойынша жасырын наркологиялық консультация беру;
3) түзету әдістемелері
ПБЗ-ға тәуелділікке тартуға бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңдерінің нысаналы топтарына жататын тұлғаларда психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру бойынша әлеуметтік – психологиялық тренингтер;
ПБЗ-ға тәуелділікке тартылу қаупі жоғары бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңдерінің нысаналы топтарына жататын тұлғаларға қысқа мерзімді топтық психотерапия;
ПБЗ-ға тәуелділікке тартылу қаупі жоғары тұлғаларға қысқа мерзімді жеке психотерапия.
2) детоксификация әдістемелері:
инфузиялық әдістер;
экстракорпоралдық әдістер;
антагонистикалық препараттарды енгізумен байланысты жеделдетілген детоксификация;
3) дәрі-дәремектік терапия:
тәуелділік пен оның асқыну синдромының психофармакотерапиясы;
ми зат алмасуына және ПБЗ созылмалы улану салдарының өтемақысын ынталандыруға бағытталған симптоматикалық дәрі-дәрмектік психотерапия;