1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Медициналық сараптама сипаттамасы,түрлері,мәні



бет60/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
54.Медициналық сараптама сипаттамасы,түрлері,мәні

Медициналық сараптама-медициналық қызмет көресту саласында мамандандырылған зерттеу жүргізу.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері:

1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;

3) әскери-дәрігерлік сараптама;

4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;

5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;

6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама;

7) ғылыми-медициналық сараптама жүзеге асырылады.

• Сот медицинасы сараптама тірі адамға, мәйітке, заттай дәлелдемелерге, өзге де іс материалдарына жүргізілуі мүмкін. Сараптама кезінде биологиялық заттай дәлелдемені (қан, шаш, түк, ұрық, адам мен жануардың ішкі органдары, тін бөлшектері, т.б.) тексеру үшін және сәбидің әке-шешесін анықтау мақсатында сот-биологиялық зерттеу жүргізіледі. Сот медицинасы сот-медициналық танатология (өлім себептері мен механизмін зерттейді), сот-медициналық травматология (мертігу диагностикасы мен механизмін қарастырады), сот-медициналық токсикология (улануды анықтау және алдын алу әдістерін қалыптастырады), сот-медициналық гинекология бөлімдерінен, сондай-ақ жоғары темп-раның, электрлік және сәулелік энергияның әсерін зерттейтін, т.б. бөлімдерден тұрады.

• Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) -, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау.

• Еңбекке уақытша жарамсыздық - адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет