Денсаулыққа зиян келтіру бұл-адамның өміріне қауіп төндіру немесе көруден,сөйлеуден,естуден, қандай да болсын дене мүшесінің бұзылысына немесе қызметін жоғалтуға, бет-әлпетінің қайта келместей бұзылуына әкеп соғатындай ауыр зиян келтіру. Сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің үштен бірін тұрақты жоғалту, денсаулыққа өзге де зиян келтіру - дәрігерлік қателіктер.
Дәрігерлік қателіктің негізгі критериі болып белгілі - объективті жағ-дайларға байланысты дәрігердің қателесуі жатады, бірақ «дәрігерлік қателік» терминіне профессиональді білімсіздік,салақтық және науқасқа деген дел салдылық енгізілмейді.
2. Тактикалық қателіктер- операцияға көрсеткіштерді дұрыс анықтамау, операцияны өткізу уақытын дұрыс таңдай алмау,операция көлемін науқас жағдайына байланысты дұрыс анықтай алмау және т.б.
3. Техникалық қателіктер-медицина техникасын дұрыс қолдана білмеу,сәйкес емес медикаменттерді ,диагностикалық дәрілерді қолдану және т.б.
Дәрігерлік қателіктердің жаңа формасы
Ятрогенді аурулар жатқызылады. Олар дәрігердің байқамай сөйлеуіне, дөрекі іс –қимылы салдарынан дамиды. Нәтижесінде науқастың психикасына зиян келіп, жаңадан айырсыну сезімдері мен көріністері пайда болып, жекеше ауру формасына да өтуі мүмкін.Ятрогенді аурулардың көбі дәрігердің білімсіздігіне емес, зерексіздігіне, мәдениетсіздігіне байланысты болады.
Екі түрде дамиды: науқастың органикалық ауру ағымының ауырлауы немесе психогенді, функциональді невротикалық реакциялардың пайда болуы .
Біріншісі - дәрiгердiң құзырлы еместiгi, емделушіге енжар қатынас, бұл ең ауыр жағдайлар. Кейбір кезде ең сирек кездесетін аурудың пайда болуы дәрiгердiң бiлiктiлiгiнің төмен болуына тікелей байланысты.
Емделуші де өз денсаулығына жауапты болуы абзал. Яғни адамның өз денсаулығына салғырт қарауы да, дәрігерлік қателікке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Мысалға келтірсек, емделушілердің аурудың нақты белгілерін жасыру, немесе өз-өзін емдеумен айналысу.
Соған қоса тағы бір негізгі мәселе бар. «Дәрігер-емделуші» қатынастарында құқықтық сауаттылықтың орны ерекше. Егер емделуші өз құқықтарың жеткілікті білсе, ол өз денсаулығыңа қатысты барлық тиісті қызметті талап етуші еді. Мүмкін осындай жағдайда көптеген қайғылы қателіктер болмас еді».