1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


) Күштеп емдеу, медициналық сипаттағы күштеу шаралары



бет48/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77
42) Күштеп емдеу, медициналық сипаттағы күштеу шаралары

ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). Есі кіресілі-шығасылы адамдарға, сондай-ақ маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді және медициналық сипаттағы шараларды қолдануды тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі сот тәжірибесін талқылай келе, осы санаттағы істерді қарау барысындағы кемшіліктерді жою және заңды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді.

Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15 N 18 Нормативтік қаулысымен. 1. Соттардың назары есі кіресілі-шығасылы күйінде қоғамға аса қауіпті әрекет жасаған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасап, психиатриялық жәрдем қажет ететін немесе маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын дұрыс қолдану олардың емделіп кетуіне немесе денсаулықтарының жақсаруына әсер ететініне, сондай-ақ осындай адамдардың қылмыстық заң бойынша жауапкершілік көздейтін әрекеттерді қайта жасауының алдын алуға ықпал ететініне аударылсын.

24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен. Әр iс бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалуы дәлелденгенiн, оны жасаған кезде адамның есi кiресiлi-шығасылы күйде болғанын тексеру қажет. Сонымен бiрге, адамның психикалық сырқатына байланысты өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн немесе басқа да елеулi зиян келтiруi мүмкiндiгiн растайтын нақты фактiлер анықталуы тиiс.

4. ҚIЖК-нiң 271-бабының талаптарына сәйкес әр қылмыстық iс бойынша, егер қылмыстық iс қозғалған немесе қылмыстық iзге түсу жүргiзiлген адамға қатысты психикалық жай-күйiне күмән келтiретiн мән-жайлар анықталса, мiндеттi түрде сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы қажет.

Сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптамашылардың шешуiне адамның бұрын психикалық сырқатының болғанын, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде психикалық сырқатының дәрежесi мен сипатын анықтайтын, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде есiнiң кiресiлi-шығасылы болғанын, сезiктiнiң, айыпталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сот үкiмi бойынша қылмыстық жазаны өтеген кездегi психикалық мiнез-құлқын белгiлейтiн мәселелердi қойған жөн.

Қылмыстық iсте адамның iшiмдiк, есiрткi, психотроптық немесе өзге де есеңгiрететiн заттарды жүйелi түрде қолдануы туралы мәлiметтер болған жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органдар осындай адамдарға куәландыру туралы қаулы шығарып, iске осы адам маскүнемдiктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеу түрде емдеудi қажет ететiнi және оған қарсылық жоқ екенi туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса тiркеуге тиiс.

6. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚIЖК-нiң 14, 279-баптарына сәйкес күзетпен ұсталған сезiктiнi, айыпталушыны сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру үшiн бұл туралы тергеушiнiң қаулысы керек екендiгiн, ал күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық мекемеге орналастыру үшiн оның келiсiмi, олай болмаған жағдайда сот қаулысы керек екендiгiн ескергенi жөн.

8. Қылмыстық процесс жүргiзетiн органдардың назары мынаған аударылсын: қоғамға қауiптi әрекеттердi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасаған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарға ҚIЖК-нiң 137-бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдануға жол берiлмейдi. Бұндай адамдарға қажет болған жағдайда ҚIЖК-нiң 511-бабының 2-бөлiгiнде көзделген қауiпсiздiк шаралары қолданылуы мүмкiн, атап айтқанда: денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру психиатриялық көмек көрсететiн психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру. Ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру түріндегі қауіпсіздік шарасы аталған адамдардың келісімі бойынша ғана қолданылуы мүмкін, ал олар бас тартқан жағдайда медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы қолданылуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Iс бойынша анықталған, есi кiресілi-шығасылы адамның өзiне немесе өзге де адамдарға қауiптiлiгiн немесе басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн дәлелдейтiн мәлiметтер қауiпсiздiк шараларын және оның түрiн қолдануға негiз болады.

9. Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету қажет жағдайларда адамдарды орналастыратын мамандандырылған медициналық ұйымдарға: жалпы түрдегi психиатриялық стационар, арнайы психиатриялық стационар, күшейтiлген бақылау түрiндегi арнайы психиатриялық стационарлар жатады.

13. ҚIЖК-нiң 7-бабының 11)-тармағына сәйкес есi кiресiлi-шығасылы адамдарды немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы бұзылғандардың ата-анасы, асырап алушылары, асырап алынғандары, бiрге туған және бiрге тумаған аға-iнілерi, апа-сiңлілерi, атасы, әжесi, немерелерi заңды өкiлдерi болып танылуы мүмкiн. Егер жақын туысқандары болмаған жағдайда, қорғаушы немесе қылмыстық процесс жүргiзушi органның қатысуға рұқсатымен iс бойынша басқа адамдардың заңды мүддесiн қорғауға құқылы адам оның заңды өкiлi бола алады. Маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлықтан ауыратын адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы осы адамдарға тағылған айып бойынша қабылданған сот үкiмiнде немесе өзге қорытынды шешiмiнде көрсетiледi. Ақтау үкiмi шығарылған кезде маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет