1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


дәрілік заттармен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу



бет70/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
65.дәрілік заттармен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығымен бекітілген Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды..

Дәрілік заттарға жалпы қажеттілікті облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – Басқармалар) және республикалық маңызы бар медициналық ұйымдар медициналық ұйымдардың жиынтық қажеттілігі негізінде жоспарланған алдыңғы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде қалыптастырады.

3. Дәрілік заттарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу, бөлу (қайта бөлу)

Дәрілік заттарды бөлуді Басқармалар Тізбеде көрсетілген аурулардың түрлері бойынша елді мекендердің аумағында тұратын науқастардың болжамды санына және азаматтардың жекелеген санаттарына қарай жүргізеді.

4. Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету

Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріханалық пункттерде және медициналық ұйымдарда көтерме саудаға лицензия алған не жұмыс істеуінің басталғаны туралы хабарлама алған дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.

Аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханалар жоқ елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жеке және заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асыра алады.

Дәріхана пункттері болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 69-бабының 6-тармағына сәйкес алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асыруға болады.

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттарды босату "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы заңының 15-бабының 1), 3) тармақшаларына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәрілік заттардың айналысы саласындағы заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.

Елді мекенде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәріханалар болмаған жағдайда қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Медициналық ұйымдардың басшылары тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады, ол тоқсанына бір реттен кем емес стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрігерлік тағайындаулардың талдауын жүргізеді.

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану (тағайындау) және азаматтардың қамтамасыз етілуін талдау мақсатында Басқарма ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің жұмысын, соның ішінде деректердің уақтылы енгізілуін және олардың дұрыс болуын ұйымдастырады.

15. Стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету № 907 бұйрықпен бекітілген стационардағы пациенттің медициналық картасы, № 004-1/е нысаны бойынша дәрігердің тағайындау парағына сәйкес жүзеге асырылады. Дәрігердің тағайындау парағы стационардағы пациенттің (санаторийлік-курорттық картасына) науқастың (сауығушының) медициналық картасына тігіледі.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде дәрілік заттарды тағайындау № 907 бұйрықпен бекітілген № 025/е нысаны бойынша пациенттің медициналық амбулаториялық картасында көрсетіледі.

16. Жедел медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған дәрілік заттардың атаулары мен көлемдерін көрсете отырып, көрсетілген жедел көмек туралы ақпарат № 907 бұйрықпен бекітілген № 110-1/е нысаны бойынша учаскелік дәрігердің белгілеу парағында көрсетіледі және науқастың тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымға беріледі.

17. Ақылы медициналық қызметтер көрсету үшін дәрілік заттар тағайындалған кезде тағайындау парағында "Ақылы медициналық қызметтер" деген белгі, ал пациенттің медициналық картасында (санаторийлік-курорттық картасында) "Ақылы медициналық қызметтер" деген жазба жазылады. 18. Берілген (пайдаланылған) дәрілік заттарды № 907 бұйрықпен бекітілген № 004-1/е нысаны бойынша медицина персоналы стационарлық науқастың медициналық картасының дәрігердің тағайындау парағында көрсетеді.

18. Жылына кемінде бір рет медициналық ұйымдарда сақталатын дәрілік заттарды түгендеу жүргізіледі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет