1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Медициналық мекемелерді аккредитациялау және лицензиялау



бет68/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
63. Медициналық мекемелерді аккредитациялау және лицензиялау.

Денсаулық сақтаудағы аккредитациялау және лицензиялау – сапаны жоғарлатуға бағытталған екі бағдарлама, және де екі бағдарламаны құрушы негізгі құрамы - сыртқы баға және бекітілген стандарттар. Бірақта, аккредитациялау – бұл лицензиялау үрдісі, ал оның мақсаты – салыстырмалы аз көлемде көрсетілетін медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату. Аккредитация - әуелде жоғары стандартты меңзей отырып, ерікті түрде өткізіледі, ал лицензиялау барысы – медициналық қызмет көрсетушіге ең төменгі талаптарды қоя отырып, міндетті түрде жүргізіледі. Аккредитацияның негізгі міндеті - халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған медициналық мекемелерді ынталандыру. Медицина саласындағы аккредитациялаудың тиімді жүйесін құру нәтижесі, медициналық қызметкерлерге және денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімділігін жоғарлату, медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату есебінен денсаулық сақтау саласындағы шығын көлемін төмендету болып есептелінеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардан, яғни әртүрлі сала өкілдерінен тұратын тәуелсіз сарапшылар шешім қабылдайтынтәуелсіз сараптама жүйесі құрылуда. Тәуелсіз сарапшылар кең көлемде медициналық қызмет сапасының сараптамасына, денсаулық сақтау мекемелерін аккредитациялауға, медициналық мамандарды аттестациядан өткізуге және басқа да мемлекеттік бақылауға рұхсат ету жұмыстарын орындауға жұмылдырылады. Емдеу үрдісінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде құрамына науқас және оның өкілдерінің бірі, клиницистер, мекеме жетекшілері, сақтандыру ұйымдарының қызметкерлері, кәсіптік біріккен одақ өкілдері кіретін қоғамдық комиссия құру жоспарлануда. едициналық іс-әрекеттерді лицензиялау – бұл денсаулық сақтау аймағындағы сапаны басқару жүйесінің базалық компоненті және дәрігерлік, медициналық іс-әрекеттермен шұғылдану үшін физикалық және заңды тұлғаларға рұхсат беретін мемлекеттік органның қызметі. Сонымен қатар, лицензиялау – бұл аз мөлшердегі талаптармен медициналық іс-әрекеттерді орындауда денсаулық сақтау субъектілерінің сәйкестігін анықтау үрдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет