ҚР Ғылым және білім министрлігі Тақырыбы. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау



бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі259,91 Kb.
#182733
  1   2   3
Байланысты:
Жайна презинтация

«ҚР Ғылым және білім министрлігі

Тақырыбы. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау


“Интердент” Медициналық колледжі
Орындаған: Лабақбаева Ж.Т
Қабылдаған : Калиакберова С.Н
13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау
Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін қоспағанда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады
13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама
Денсаулық сақтау саласындағы мынадай:
  • халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;
  • медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
  • медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;
  • медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
  • медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.

  • Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет