1.3 Көтерме саудасындағы тауарларлық операциясының есебі
Көтерме сауда - бұл тауарды кейін сату мақсатымен тауарларды сату немесе оларды кәсіпті қолдану.
Көтерме сауда тек қана иелік ететін субъектілермен ғана бола алады, олар алынған тауарды уақытша түтыну үшін қолданады, яғни олардың кәсіптік қызметінде өнімді шығару кезінде (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету).
Көтерме сауда кәсіпорнында тауардың аналитикалық есебі оның қоймасы мен бухгалтериасында жүреді.
Олардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшеліғі жоқ, тек қана құжаттау тәсілінде (рэсімделуінде) болуы мүмкін. Көтерме сауда кәсіпорындары негізінен ақшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді, сондықтан босатылған тауарды қуаттайтын құжаты болып бақылау-кассалық машина чектері емес накладнойы саналады.
Көтерме саудасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда кәсіпорындарынан айырмашылығы: онда тауардың есебі сатып алынған бағасы бойынша жүреді, сондықтан тауар қозғалысы бойынша операциясын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету сызбасы (схемасы) біршама қарапайым болып келеді.
Тауар қозғалысы операциялары бойынша бухгалтерлік шоттар корреспонденциясы
№
|
Шаруашылық операциялардың мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
|
Дебет
|
Кредит
|
1
|
Жабдықтаушылардан келіп түскен тауар қоймаға кірістеледі, соның ішінде ҚҚС сомасы (12%)
|
1330
1420
|
3310
3310
|
2
|
Тауар сатып алушыларға сатылады:
-табысы қалыптасқан (қосылған) келісім шарттық құнына
-сату бойынша айналасына есептелген қосылған құн салығы (12%)
|
1210
1210
|
6110
3130
|
3
|
Сатып алынған тауардың сатып алынғасы есептеп шығарылады
|
7010
|
1330
|
4
|
Келіп түскен тауардың шот-фактурасы төленеді
|
3310
|
1030
|
Көтерме сауда кәсіпорында тауардың аналитикалық есебі оның қоймасы мен бухгалтериясында жүреді. Одардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшелігі жоқ, тек қана құжаттау тәсілінде (ресімдеуінде) болуы мүмкін. Көтерме сауда кәсіпорындары негізінен ақшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді. Сондықтан босатылған тауарды құаттайтын құжаты болып накладной саналады, бақылау – кассалық машина чектері емес.
Көтерме сауданың екі түрі бар:
-қоймадан (қоймалық айналым);
-транзиттік (транзиттік айналым).
Сауда ұйымының қоймасынан тауар сатылған жағдайда өзі жабдықтаушымен есептеседі, тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алушыға жөнелтеді және одан өзі төлемін өндіріп алады.
Транзиттік жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсіпорынның қоймасына түспейді, ол тікелей соңғы сатып алушыға бағытталады. Транзиттік жолымен есеп айырысуға көтерме кәсіпорыны қатысуы да, қатыспауыда мүмкін.
Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорны өзі жабдықтаушылармен тауар үшін өзі есептесіп және сатып алушылардан төлемін өзі өндіріп алады. Ал екінші, яғни, көтерме кәсіпорны қатыспаған жағдайда, көтерме кәсіпорны
Тауарды ең соңғы сатып алушыға жеткізіп беруді ғана ұйымдастырады, ал олардың есеп айырысуы жабдықтаушылардың және тікелей тауарды алушылардың арасында жүреді.
Көтерме сауда кәсіпорнынан, әдетте, тауарды сатып алушыға жөнелту жазба келісім-шартының негізінде жүзеге асырылады, онда жеткізіп берудің барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы т.б.), сондай-ақ сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік қүқығының кезеңі де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 238 бабына сәйкес мүліктің берілғен кезеңінен бастап келісім-шарт бойынша мүлікті алушыға меншік қүқығы өтеді, егер де заң актілерінде немесе келісім-шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Алушыға мүлікті беру кезінде танылады, ал алушыға жіберу үшін почтаға өткізумен тең, егер де заңда немесе келісім-шартта басцаша жағдайлар қарастырылмаса (Қазақстан Республикасының Азаматтыц кодексінің 239 бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |