«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА 6М050500-АЙМАҚТАНУ МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ ДӘРІСТІК САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ.
Калиева Е.Т., т.ғ.к., доцент
Абай атындағы ҚазҰПУ-і, Әлем тарихы кафедрасы
Лекцияның тақырыбы: Еуразиялық экономикалық одақ(«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың өзекті мәселелері: теориялық және практикалық ұстанымдар»пәні
Жоспары:
Еуразияшылдықтың теориялық-методологиялық негізі
Посткеңестік кеңістіктегі негізгі геосаяси ойыншылардың (Ресей, АҚШ, Қытай) аймақтық интеграциялық жобалары және олардың бәсекелестігі
Еуразиялық Экономикалық Одақ жобасы
Сабақтың мақсаты SMARTМАҚСАТ түрінде қойылған: Осы сабақ барысында Отандық және шетелдік ғылымдағы, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы еуразияшылдық идея (жоба) жайлы классикалық және жаңа геосаясатшылар, қазіргі заманауи геосаясаттағы 3 тұжырымдамаларды талдауға үйрену; Посткеңестіккеңістіктегінегізгі 3 геосаяси ойыншылардың (Ресей, АҚШ, Қытай) 3 аймақтық интеграциялық жобаларын сыни тұрғыдан талдау арқылы, өзіндік пайымдаулар жасауға үйрену;сонымен қатар Еуразиядағы аймақтық 6 проблемаларды шешудегі теориялық-практикалық ұстанымдарды жасау.
Тірек ұғымдар :
Посткеңестіккеңістік - халықаралықмакроаудан
Еуразиялық , еуразияшылдық - «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік.
Еуразиялық интеграция (латынтіліненаударғандаіntepratіo – қайтақұру, толықтыру) - өзара тәуелділік, бір бүтінге жүйелі түрде бірігу және осыған қарасты байланыстардың болуы, жақындасу, ұйымдастырудың, салалардың, аймақтардың, елдердіңбірігуі. Экономикалық интеграция – мемлекеттердің, аймақтардыңшаруашылықөмірініңинтернационализациялануы, ықпалдастықты дамыту.
Жаһандану–түп негізінде бүкіл адамзаттың тарихи дамуындағы қазіргі кезеңдегі әлемдік интеграция. Жаһанданудағы басты мәселе–ішкі және сыртқы, локальдықжәнеаймақтық, ұлттықжәнехалықаралықшекаралардыңжойылуы.
Қауіп-қатер (вызовы – Жеке адам, қоғам бүкіл адамзат алдында тұрған бірден –бір шешуді қажет ететін қиын міндет, мәселе, күнталабы.
Хартленд(ағылш. Heartland — орталық жер, геосаясатта жер шарының құрлықтағы Еуразиялық бөлігінің солтүстік шығысы, «жердің кіндігі» деген мағына береді. Оған билік жүргізген бүкіл әлемге үстемдік етеді деген геосаяси концепция.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Сабақтың басталуы: актуализация. Тақырып жөнінде ассоциограмма әдісі бойынша интеллект-карта (mind map) жасау туралы тапсырма берілді. Магистранттардың жауаптары тексерілгеннен кейін, айтылған түсініктерге қосымша бүгінгі тақырыпқа қатысты жоғарыда берілген негізгі тірек түсініктермен ұғымдық аппаратпен танысады.Содан кейін тікелей лектордың сабақ жоспарына сәйкес баяндау, түсіндіру, сұрақ қою арқылы жетелеу әдісімен жүреді.
Дәрістік оқу материалдары: Бүгінгі таңдаТМД шеңберіндегі және Орталық Азиядағы экономикалық және саяси интеграцияның болашағы туралы сарапшылар әр түрлі пікірлер айтуда. Біздің ойымызша қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ертеңгі күннің объективті қажеттілігін ескеретін үлгі ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясы болса керек. Бәрімізге белгілі ЕАО туралы идеяны Н.Ә.Назарбаев алғаш рет Ресей Федерациясына ресми сапар барысында, 1994 жылы 29 наурызда М.В.Ломоносов атындағы ММУ оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесу кезінде, Мәскеу Ресей астанасының әскери топтары мен шығармашылық интеллигенциясының өкілдерімен кездесу кезінде, сондай-ақ жетекші ресей газеттерінің бас редакторларымен және телекомпанияларының басшыларымен болған «дөңгелек стол» басындағы мәжілісте айтты.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері келісімі бойынша Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады, 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады.
Еуразиялық одақ құрудың негізгі- қағидаларына келетін болсақ, ол мынадай басты үш қағидаға сүйенеді: экономиканы, қорғаныс ісін және сыртқы саясатты басқаруды үйлестірудің ұлттық деңгейден жоғары ортақ органдарды құру. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін қысқаша тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары қозғалысының бірыңғай ережелері бар экономикалық бірлестік ретінде сипаттауға болады.Елбасы Н.А. Назарбаев бұл жерде «КСРО-ны қайта құру туралы әңгіме мүлде жоқ екенін атап айтқым келеді. «Қырғиқабақ соғыстың» осы стереотиптерінен арылу керек. Олар болашаққа көз жіберуімізге кедергі келтіреді. Еуразиялық экономикалық одақ — тек экономикалық жоба. Сондықтан да мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістік құруды ұсындым деген болатын» деп атап көрсеткен болатын.
Рефлексия:«Таза экономикалық интеграция деген болады ма?» тыңдаушыларға осындай сұрақтар қойылды. Жауаптар тыңдалған соң Еуразия төсіндегі геосаяси жағдайды талдауға көшуге болады.
Посткеңестік кеңістіктегі негізгі геосаяси ойыншылардың (Ресей, АҚШ, Қытай) аймақтық интеграциялық жобалары және олардың бәсекелестігі сұрағы төңірегінде төмендегідей деректік материал ұсыналады: жақында БҰҰ-дағы Қытайдың тұрақты өкілі Лю Цзеи: «Қытай әрқашан әлемдегі елдердің тұтастығын, тәуелсіздігін құрметтеп келді. Сол секілді Украинаның да тұтастығына мүдделі. Ол елдегі жағдай бейбіт түрде шешім тапқаны жөн» деп Ресейдің бұл елдегі ішкі жағдайға араласа беруіне қарсылық білдірді.Неге? Себебі, Қытай елі үміт артқан БРИКС сенімді ақтамауда. Ресей санкция құрсауында. Әлемде мұнай мен түрлі түсті бағалы металдардың құны түсіп барады. Бұл жайт, БРИКС елінің экономикасын тұралатуда. Демек, осы бір қиын кезеңде Қытай БРИКС-ке емес, АҚШ-қа арқа сүйгенді жөн көреді. Өйткені екі елдің жылдық сауда-саттық айналымы 500 миллиардты құрап отыр. Алдағы уақытта одан да асырсақ деген ойлары бар. Сонымен қатар, АҚШ – озық технология мекені. Демек, Бейжің Вашингтонмен арақатынасты жақсарта отырып, өз әлеуетін күшейтіп алмақ.
Сонымен қатар, батыс баспасөзі «Орталық Азияға Бейжің ықпалының күшеюі Ресей мен Үндістанның мазасына тиді» деп жазды. Керісінше «Қытайдың Орталық Азияны игеру жоспары Америкаға да ұнайды» , Қытай мен Пәкістан арасындағы тығыз экономикалық және дипломатиялық қатынастарды Үндістанның шамына тигендігі оның Ресеймен жақындасуға итермелеп отыр.
«Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» атты белгілі жобасы бойынша батыс елдеріне қарай ықпалын күшейтуге қатысты амбициялық үлкен жоспарында Пәкістан негізгі пунктке айналған. Ресми Бейжің бұл бастамасында Қытайды Оңтүстік және Орталық Азиямен, кейін Еуропамен қосатын сауда бағыттары желісін ашу үшін жаңа жолдар мен құбырлар салуға, энергетикалық станциялар мен порттар тұрғызып, темір жол тартуға ондаған миллиард доллар инвестиция құюға дайын екендігін мәлімдеп отыр.Бұл бастаманы Бейжің тарапынан АҚШ-тың аймақтағы басым саяси күш ретіндегі мәртебесіне төнетін қауіп деп санайтындар көп. «Бірақ қайта түлеген Қытайдың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ықпалы АҚШ-ты алаңдатып, қарсылығын тудырса, Бейжіңнің Батысқа қарай жылжуын АҚШ-тың ресми тұлғалары керісінше, құптап, қолдайды» деп жазады «Foreign Policy» журналы. Бұл жайт Ауғанстаннан АҚШ әскерін әкетер тұстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты ортақ мақсатпен байланысты деген пікір айтылған.
Қытайдың бұл әрекеті АҚШ-тың «Жаңа Жібек жолы бастамасы» деген атпен 2011 жылы жарияланған көптен бергі саясатына ұқсайды. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан, Түркіменстан, Пәкістан және Ауғанстандағы маңызды инфрақұрылым нысандарын интеграциялау болатын, бірақ бұл мақсатты іске асыру ойлағандай, оңай шаруа болмай шыққан. Австралия ұлттық университетінің адъюнкт-профессоры Майкл Кларктің «бұл мақсаттың іске аспауына Орталық Азия мемлекеттерінің өз арасындағы экономикалық интеграцияның әлсіздігі және АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағына көбірек бет бұруы себеп болды» деген болатын. Мерзімді ақпарат құралдарындағы төмендегі мәліметтер тұпнұсқа түрінде беріліп, болашақ аймақтану маман магистранттардың сараптамалық пікір беруін талап етуге болады.
«Какие перспективы и какие угрозы таит в себе продвижение Китая в страны Центральной Азии и Казахстан» – беседа с известнейшим китаеведом, главным научным сотрудником КИСИ при Президенте РК, профессором Константином Сыроежкиным: « … главная угроза для страны (не только Казахстана) – состоит не столько в китайской экспансии, сколько в местном чиновничестве. Во-первых, это связано с коррупционной составляющей отношений с Китаем. В отличие от большинства других иностранных инвесторов, Китай (как член ШОС) действует по негласным правилам, принятым в СНГ. Во-вторых, это учет национальных (а не личных) интересов при подписании контрактов. Если государство не может поставить в жесткие законодательные рамки зарубежного инвестора, то он и не будет в них находиться». Наши страхи, что Китай якобы только и думает, как бы нас «экономически закабалить», мягко говоря, преувеличены. Ведь в объемах внешней торговли Китая вся Центральная Азия составляет чуть более 1 процента. В объемах импортируемой Китаем нефти доля Казахстана составляет чуть более 4 процентов».
Сыни ойлау технологиясы бойынша прагма сұрақтарға жауап беру.Проблемалық сұрақтар: Қазақстан тарапынан ЕУЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылды деп ойды жоғарыда айттық.Кремль басшылығы да дәл осындай көзқараста ма? Ендеше Ресей жағының ЕАЭО-қа қатысты ұстанымы қалай? Баспасөз беттерінде сарапшы мамандар айтып жүрген ресей басшысы В.В.Путин үшін бұл ЕАЭО жобасы «таза геосаяси жоба» деген көзқарасқа қандай қарсы немесе жақтап дәлелді пікірлер келтіре аласындар?
Үшінші сұраққа қатысты дәрістік оқу материалы:Еуразиялық Экономикалық Комиссия арқылы басқарылады. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты әрекет ететін реттеуші органы, 2012 жылдың 2 ақпанынан әрекет ете бастады. Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі мақсаты – Кеден одағы және БЭК қызмет ету және дамуына жағдай жасау, ықпалдастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Арнайы Еуразиялық Экономикалық Комиссияның сайтынан алынған мәліметтерге жүгінейік. Сонымен, РФ, Армения, Беларуссия, Қазақстан мен Ресейдің біртұтас экономикалық кеңістігінің аумағы: 20 млн. шаршы км әлемдік құрылықтың 14 %, халқы: 182 млн. адам.
Комиссияның маңызды ерекшелігі мынада, барлық қабылданатын шешімдер алқалық тұрғыға негізделген. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы 9 мүшеден тұрады (Әрбір қатысушы-елдің комиссиясы (министрі) алқасынан 3 мүшеден), олардың біреуі Комиссия алқасының Төрағасы болып табылады.
Қазіргі таңда ЕЭК құрылымында 23 департамент жұмыс істейді. Олардың қарамағында ЕЭК алқалары үшін ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік биліктің ұлттық органдарының өкілдерімен консультация жүргізу мақсатында 17 Консультативтік комитет құрылған. Алқа мүшелері (Министрлер) солардың қызмет бағыттарына сәйкес Комитеттің төрағалары болып тағайындалады.
Прагма сұрақтар: Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктері қандай? Еуразиялық экономикалық одақ бізге не береді?Еуразиялық экономикалық одақтан күтілетін нәтижелер қандай деген сұрақтарға жауап қашан да өзекті болмақ.С.Пірімбетовтың пікірінше, Ортақ экономикалық кеңістікті құру үшін және Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын қамтамасыз ету үшін төмендегідей жағдайларды жүзеге асыру керек.
• Қаржы және еңбек ресурстарының кедергісіз айналымын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру керек
• Көлік және коммуникация жүйесінде ортақ саясат жүргізу;
• Мемлекеттер арасында еркін сауда, еркін баға жүйесін еңгізу, тауар айналымына байланысты кедергілерді жою;
• Өнеркәсіп субъектілерінің арасында тікелей экономикалық байланыстарды орнату және өндірістік кооперацияны дамыту;
• Өзара инвестиция саясатында тең экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету және ел экономикасына шет ел инвестициясын алу жүйесінде өзара тиімді келісімдерге келу;
• Жеңілдетілген кедендік тәртіп орнату, сондай-ақ, кедендік заңдарды реттеу және салық жинау саясатын төмендету;
• Монеторлық одақ қалыптастыру, ұлттық валюталардың еркін айналымын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру .
ЕУЭО қажеттігі туралыЕАО құру жобасының кіріспесінде былай делінген: «Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай, өтпелі қоғамдар тек ұжымдасқан күш-жігер арқылы ғана ойдағыдай жаңғырту ісін жүзеге асыра алады. Сонымен бірге, біз кейбір ТМД елдерінің осы міндетті жеке-дара шешпекші болған-әрекеттері бұрынғысынша сәтсіз болып келе жатқанын көріп отырмыз. Жаңа жағдайдағы экономикалық интеграцияны іске асырғанға дейін солай болып қала бермекші. Елдердің арасындағы нарықтық экономиканың дамуы, саяси процестердің демократизациянуы деңгейінің айырмашылықтарын ескере отырып, біз қосымша бірігу құрылымын ТМД қызметімен үйлесетін Еуразиялық Одақ қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл орайда бірігудің көпнұсқалығы, ТМД мемлекеттерінің дамуы қарқынының әрқилылығы, әрекеттілігі мен әр векторлығы еске алынады».
Бұл ТМД-да жаңа экономикалық тәртіп қалыптастырудың өте-мөте қажеттілігі туралы айтуға негіз болады. Әлеуметтік экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің бәріндегі дерлік көпұлтты халықтардың көз алдыңда өтіп жатыр. Осының салдарынан этностық қатынастар ширығып, ол мемлекттердің өз ішіндегі шиеленіске ғана емес, кейде тіпті мемлекетаралық жанжалдарға соқтырып жүр.
Мұндай жағдай ТМД институтының беделін түсіреді. Демек бірлескен күш-жігер арқылы әртүрлі жанжалдарды тежеу....Экономикалық бірігу мәселелерін шешу жеткілікті мөлшердегі құзыреті бар саяси институттар құруға мәжбүр етеді. Олар мемлекеттердің экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық, мәдени, ғылыми салалардағы қарым-қатынасын реттеу міндетін атқару тиісті.
Сонымен, ЕАО құру жоспары кеңестік кеңістіктегі өмір сүретін халықтардың тілегіне сай деп есептеуге болады ма?. Сіздер қалай ойлайсыздар?Еуразиялықэкономикалық одақ бізге не береді?
Жүріп жатқан интеграциялық үдерістерге байланысты Қазақстанда түрлі пікірлер бар: Бірқатар қоғам қайраткерлері интеграцияны мемлекеттің егемендігіне төнген басты қауіп дей отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстанның кіруіне қарсылар да жок емес. Қазір қоғамдық жұртшылық арасында Еуразиялық одаққа қосылғаннан Қазақстанның ұтары қайсы, ұтылар тұсы не болмаса, қазірден баса назар аудару қажет саласы қайсы деген сауалдар жиі көтеріліп келеді. Шындығында, Еуразиялық одақ Қазақстанға қосымша жетістіктер ғана «сыйлап» қоймайды, бұндай кеңістік еліміздің бұрыннан басым салаларының бәсекеге қабілеттілігін жоюы, тіпті құрдымға кетіріп, орнын басып алуы әбден мүмкін деп қазақ мемлекетінің тәуелсіздігіне қатер төндіретін интеграциялық үрдістерге қарсылық білдірушілер де бар.
Кейбір зерттеушілер Еуразиялық Одақты Ресей үшін өз экономикасын күшейтудің бірден-бір тәсілі «пост-кеңестік интеграция» арқылы өз нарығын кеңейту деп санайды. Еуразия одағында әзірше экономикадан гөрі саясат басымдау сияқты. Украина дағдарысы мен интеграциялық үрдістердің күшеюімен әртүрлі күмәндарға жетелейді
ЕУЭО-тың алдында тұрған алты проблема туралы сөз етіп көрелік.
ЕУЭО іс жүзінде жүзеге асырудағы қиындықтар мен кедергілер аз емес. ЕГЕР Абрактілі түрде сыртқы факторды алып тастайтын болсақ, онда төмендегідей іс жүзінде жүзеге асырудағы қиындықтар мен кедергілер бар.
Басты мәселе одаққа мүше мемлекеттерд еуразиялық интеграцияның түпкі мақсаты туралы ойлары бір жерден шықпай жатады.
Ресей немесе В. Путиннің өзі үшін – әріптестерінің қалауымен экономикадан бастауға келіссе де , бұл таза геосаяси жоба,
Н. Назарбаев үшін –бұл тек таза экономикалық жоба, бірақ оның күмәнді жақтары бүгінгі күні белгілі болып отыр, таза экономикалық міндеттерді Кедендік одақ жағдайында шешуге болатын еді ғой.
А. Лукашенко, А. Атамбаев және С. Саргсян үшін – шын мәнінде өздері ешнәрсе бермей, Ресейден неғұрлым көбірек экономикалық артықшылықтар алу.
Бұл Жобаның негізгі кемшілігі: жоба бүгінгі жағдайда оған қатысушыларға тауар, қызмет, капитал, жұмыс күшінің еркін қозғалуының жалпы тәртібіне қажетті экономикалық жағдайларды теңдестіруден басқа ештеңе беріп отырған жоқ.
Мұндай жағдайда табысты интеграцияға қажетті ліктерге қол жеткізу мүмкін болмай отыр. Саяси лидерлер мен топтарға шын мәнінде қажет мотивация жағы әзірге болмай тұр.
ЕУЭО проблемалары:
Екінші мәселе – қазіргі кезеңде посткеңестік кеңістікте Қытай мен АҚШ белсенді жүргізіп, отырған ОРТАЛЫҚ Азиядағы «интеграцияның ашық моделі» қалай жеңуге болады? Әзірге мүмкін болмай отыр.
Үшінші мәселе – Ресейдің ЕУЭО шапшаңдатып кеңейту үрдісі , одан қылаң беріп қалатын саяси қырлары, одақ мүшелерінің ашық қарсылығына ұшырамағандымен, Белоруссия, Казақстанда т.б. мүше мемлекеттерде қоғамдастық тарапынан теріс бағалануда.
Төртінші мәселе- ұлттық эгоизмнің үстемдігі. ЕУЭО- тағы әріптестер бір бірінің мүдделерімен санасуды қажет деп тауып отырған жоқ. Себебі мүше мемлекеттердің экономикалық күш қуатының тең емес екендігі. Бұдан интеграциялық үрдістерді Ресей тек өз мүддесі үшін ғана пайдаланып отыр деген пікірге жетелейді,
Бесінші мәселе – Қазақстанның Беларуссия мен Ресеймен салыстырғанда бәсекелестігінің төмендігі, тек шикізаттық бағыттағы тауарларды сыртқа шығаратындығы.
Алтыншы мәселе – Ресейге қатысты Батыстың санкциялық саясаты, тікелей болмаса да мүше мемлекеттердің экономикасына жалпы Ресеймен интеграцияға кері әсерін тигізіп отыр. Екі маңызды жағдайды ескеру керек: бірінші Ресейден басқа ЕУЭО мүше мемлекет ешқайсысы бұл геосаяси жобаның болашағына сенбейді, сондықтан тек экономикаға мән беріп, Ресейден өздеріне тиімді келісім шарттар жасап қалумен шектеліп отыр. Екіншіден, Санкция жағдайында отырған Ресей еуразиялық интеграцияны бұдан әрі тереңдетуге шамасы да жетер емес.
Қорытындылай келе: біздің ойымызша, соңғы жылдардағы геосаяси өзгерістерге байланысты,бүгінгі ЕУЭО жобасының кейбір қағидаларын жүзеге асуына объективті және субъективті кедергілер бар. Біз Еуразиялық интеграциясына әсер ететін сыртқы, ішкі факторларды атап, ашып көрсеттік. Бұдан шығатын нәтиже, Әр уақытта кедергілер, қиыншылықтар болады. Біздің ойымызшы посткеңестік кеңістік мемлекеттері өздерінің интеграциялық даму жолдарындағы қиыншылықтарға қарамай одан әрі жалғастыруда.Қалай дегенде де , аймақтық интеграция экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан экономикалық интеграцияны терендету қажет деп есептейміз. Қайсы жоба тиімді?!
Қандай жағдайда да, Еуразия көлеміндегі , Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияның тарихи, географиялық, мәдени және ұлттық мүддені сақтай отырып жүргізілуі мүмкін.
Үйге тапсырма; Еуразиялық кеңістіктегі неғұрлым шынайы жүзеге асып жатқан жобалар. ГеоэкономикаЕвразии. Доклад Астанинского клуба.16 ноября 2015. Ондаэссе түрінде КАСМО, DGAP, РСМД, КарнегиФондыжәне ӘЭСИ позиции Қытай, ЕО, Ресей, АҚШ, ҚазақстанныңЕуразиядамуыныңтүйіндімәселелеріталданған. SWOT-талдауәдісіменаймақтағыойыншылардыңмүдделері, әлсізжәнекүштіжақтарынкөрсетіндер.
Әрқайсының 1. тұжырымдамалық негізі, 2. плюсі мен минустері, 3. өзара әркеттесу мүмкіндіктері мен проблемалары талдай отырып жобаларға өз бағаларынды беріңдер
Оқуға ұсынылатын негізгі әдебиеттер.
Деректер,заңактілері, дипломатиялыққұжаттар
Еуразиялық экономикалық комиссия. Құжаттар. (электрондық ресурс) //һttp://www.eurasiancommission.org/kk/Pages/ses.aspx
Монографиялар. Мақалалар. Ғылымижұмыстар:
Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологиии мировой геополитике. Том III: Геополитика и международные отношения (вторая половина ХХ – начало XXI вв.). – Алма-Ата: КИСИ, 2009. – 280 с.
Савицкий П.Н. Континент Евразия. – М.: Аграф, 1997; его же: Географические и геополитические аспекты евразийства.
Быстрова А.К. Проблемы глобальной инфраструктуры в центральноазиатском регионе. Оптимизация роли России. – М.: ИМЭМО РАН, 2013 – 98 с.
Китай в мировой и региональной политике. История и современность / ежегодное издание. – М.: ИДВ РАН, 2013. Вып. XVI-XVIII.
Жанбулатова Р.С. Аймақтық интеграцияның қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері. –Астана,2012
Мансуров Т. Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь : монография / Т. Мансуров. - М. : Реал-Пресс, 2011. - 320 с. В книге всесторонне рассматривается реализация Евразийского проекта, предложенного Президентом РК Н. А. Назарбаевым в марте 1994 г. в МГУ им. М. В. Ломоносова.
Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения Евразийской цивилизации / Н. А. Назарбаев. - М. : Экономика, 2000. - 543 с. В издании читатель найдет аргументы в пользу интеграции стран СНГ, перспективные предложения по созданию Евразийского Союза, глубокие мышления о месте евразийской цивилизации в меняющемся мире.
Ғаламтор көздері:
Константин Сыроежкин: Геополитические проекты в Центральной Азии и роль Казахстана//http://cabar.asia/ru/konstantin-syroezhkin-geopoliticheskie-proekty-v-tsentralnoj-azii-i-rol-kazahstana/Института по освещению войны и мира (Великобритания)
Казахстан в глобальных процессах//Әлемдік экономика және саясат институты//http://iwep.kz/
Доклад Астанинского клуба. Геоэкономика Евразии
http://www.kіsі/kz/Pats/Confs/cnf5/chebotarev.html
http://www.mfa.kz.
http://www.navіgator.kz/artіcles/mpole260500a.shtml
http://www.tx3.eurasіa.org/ru/99/archіves/march/ka_press/Nazp0215.htm
http://www.pnp.ru/pg_nomers/23757.htm
Достарыңызбен бөлісу: |