Полиэтникалық мемлекетте этностар мен этностық топтар арасында өзара қарым-қатынас этникааралық қатынастар деп аталады. Оларға этностардың экономикада, саясатта, әлеуметтік сала мен мәдениеттегі өзара әрекеттері мен түрлі этносқа («ұлтқа») жататын ададмдардың өзара жеке қатынастары да жатады.
Өзара қатар өмір сүріп жатқан этностар арасындағы қатынастардың қалыптасуына әсер ететін факторлар
Біріншіден, бұл тарихи факторлар. Оған жаулапалушылық, еріксіз қосып алу, геноцид, депортация, халықты мәжбүрлі түрде ассимиляцияға ұшырату жатады. Этностың тарихи өткен қайғылы оқиғалары еш ұмытылмайды.
Екіншіден, бұл саяси факторлар: мемлекеттің қайсыбір ұлттарға ұстанған саясаты. Бұл факторторлар тобына саяси элитаның түрлі этностарға деген ұстанымын да қосуға болады.
Үшіншіден, бұл әлеуметтік факторлар: қоғамда этникалық пен әлеуметтік стратификацияның өзара қалыптасуы.
Төртіншіден, мәдени және өркениеттілік факторлар. Олар қауым немесе түрлі діндер, дәстүрлер, құндылықтар мен этникалық қағидалар және тіл.
Этностардың арасындағы өзара қарым-қатынастар үнемі үйлесімді әрі бейбіт көршілік жағдайда қалыптаса бермейді. Тарихтан этникалық жанжалдар мен өара түсініспеушіліктерді, сенімсіздіктерді, тіпті этносаралық қақтығыстарды көптеп кездестіруге болады. Осы келіспеушіліктердің ішіндегі ең күрделілері аумақтық және саяси мәселелер болып табылады.