Тапсырма 5. 1.Отан соғысы жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау және оның салдары.
Қарастырылатын мәселелер –Депортация ұғымы, депортацияланған халықтар: чешендер мен ингуштар, немістер, қарашайлар және т.б.
Депортация (лат.deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады
Терминнің шығу тарихы Термин 18-19 ғасырларда Франция қылмыстық заңнамасында жер аударудың ерекше түрін атауда қолданылған. Алғаш рет Гвианада саяси сенімсіз адамдарға қолданылып, 1791 жылы күдіктілерге арналған заңға тіркелді.