1. Деректер қорындағы «пәндік аумақ» дегеніміз не? Пәндік аймақ – зерттеуге жататын нақты дүниенің бөлігі, басқаруды ұйымдастырып, сосын автоматтандыру. Пәндік аймақ үзінділердің жиынымен ұсынылған. Мысалы, кәсіпорын – цехтармен, әкімшілікпен, бухгалтериямен, т.б. пәндік аймақтың әр үзіндісі объектілер жиынымен сипатталады және объектілерді қолданатын процесстермен және пәндік аймаққа әр көзқарастары бар қолданушы жиынтығы.
Динамикалық түрде өзгеретін сөйлемді былай түсінуге болады: пәндік аймақтың күйі және мәліметтер қоры арасындағы тиістілік мерзімділік түрде қамтамасыз етілмейді, тек нақты уақыт режимінде. Осы жағдайда бір мәлімет әр қолданушылар тобы өзінің қажеттілігіне тиісті әр түрлі ұсынуы мүмкін. Мәліметтер қорының айырмашылығы: мәліметтер өзінің бейнеленуімен бірге сақталады.
Ақпаратты жүйелерді жобалау теориясында пәндік аймақ үш түрде қарастырауға болады:
Пәндік аймақты табиғи түрде қарастыру.
Адам қабылдайтын түрде немесе деректер қорын жобалайтын түрде.
Символдар түрінде оны қалай сипаттауға болады.
Мәліметтер қоры облысындағы зерттеулер қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйелерді дамытуда маңызды роль атқарады. Оның іргелі құрауыштары – деректер, аппараттық қамтамасыз ету, программалық орталар өз мәнін сақтап қалғанымен, оның көлемдері, қуаты, мәліметтер қоры мүмкіндіктерінің спектрі шексіз өсуде. Деректер құрылымының күрделену тенденциясы да бақылану үстінде. Сандар мен мәтіндік жолдар түрінде бейнеленетін ақпараттың қарапайым түрлері өз мәнін жоймастан, бүгінде көптеген мультимедиялық құжаттармен, графикалық образдармен және т.б. күрделі ақпараттық формалармен толықтырылуда.
2. Деректер қоры және ДҚБЖ ұғымдарына анықтама беріңіз Деректер қоры (дерекқор) (database) - компьютер арқылы тез арада іздеу және керек құжатты алу мүмкіндігін арттыру үшін ұйымдастырылған деректер мен ақпараттар жиынтығы.
Деректер қоры деректерді сақтау, алу жаңарту, өшіру барысын жеңілдету мен жалпы деректерді өңдеу бойынша өзге де операцияларды жүзеге асыру үшін құрылымдалады.
Деректер қоры файлдан немесе жеке жазбаларға бөлінетіндей файлдар жиынтығынан құралады. Әр жазба бір немесе бірнеше өрістен тұрады. Өрістер деректерді сақтаудың қарапайым түрі болып саналады. Қолданушылар ақпараттарды деректер қорынан көбінесе сұрау салу арқылы алады.
Деректерді алу үшін деректер қорын басқару жүйесін пайдалану ережелерін сақтай отырып, негізгі сөздер мен сұрыптау командаларын пайдалану арқылы жедел түрде іздеу салуға, олардың орналасу тәртібін өзгертуге, көп жазбалардың арасынан бір өрісті ерекшелеп алуға және топтастыруға болады.
Деректер қоры - бір-бірімен белгілі бір тәртіппен құрылымдық тұрғыдан байланысқан, машинамен оқылатын, нақты қолданбалы сала үшін көкейтесті, ақпараттық технология үшін жарамды нысандағы нақты дүние объектілері сипаттамаларының, сондай-ақ ЭЕМ-нің жадындағы немесе машинамен оқылатын сақтағыштағы (магаитті ленталардағы, дискеттердегі, ықшам дискілердегі) ақпарат жазбаларының жиынтығы. Деректер қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланылады. Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т. б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорынның өзгешеліктеріне оның атауы, мекен-жайы, банкідегі шоты, шығаратын өнімінің түрпаты, т. б. жатады.