)Рецепт,құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктердің түрлері. Рецепттердің официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері
39)Рецепт,құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктердің түрлері. Рецепттердің официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері. Рецепт — дәрігердің фармацевтен дәрілік затты науқасқа дәріханадан белгiлi бiр дәрілік қалыпта, дозада, колдану әдістерін көрсетіп, дайындауды және босатуды сұраған жазбаша өтініші. Амбулаторлық науқастарға рецепт жазу және жазылған рецепт бойынша дәрілік затты босату ережесi бар.
Рецепт арнайы рецептуралык бланктерде латын тілінде,науқасқа немесе медицина қызметкеріне үшін ұйғарым қазақша немесе басқа ұлттық тiлде жазылады. Рецепт түсінікті, анық жазбамен, формалык бланкте жазылады. Рецепт ешкандай түзетусiз жазылуы тиiс.
Рецептте жазылған күні (күні, айы, жылы), наукастың аты-жөні, фамилиясы, жасы, дәрігердің аты-жөні, фамилиясы жазылады. Рецепт термині латын тіліндегі recipere (алу) сөзінен шыккан, себебі, фармацевтке өтініш recipe ал (кыскаша 1 Rp.) сөзінен басталады. Рецептің құрамына кіретін дәрілік затардың аттары ілік септiгiнде, олардын дозасы көрсетіліп жазылады. Рецепт кыскартылған және толық түрде жазылады. Дәрілік заттарды қысқартылған түрде жазғанда алдымен дәрілік калпы (Solutionis... Epiтiндiсi..., Suspensionis... Суспензиясы...; Unguent... Жағылмасы... және т.б.), содан кейiн дәрілік заттың аты, концентрациясы (кажет болса) және жалпы саны көрсетіледі. Толық түрде жазылғанда құрамына кіретін барлық заттары, олардын дозасы немесе саны, содан кейiн фармацевтке кандай дәрiлiк калыпты дайындау жөнiнде нұсқау көрсетіледі. Рецепттiн курамына бiрнеше заттар кiретiн болса әсер көрсететiн негiзгi зат - Basis əркашанда бiрiншi жазылады, содан кейiн қосалқы немесе косымша заттар - Adjuvans жазылады. Кейде рецептте негiзгi заттын жагымсыз иісін, дәмін жоятын түзетушi зат Corrigens жазылады. Бiркатар жағдайда дәрiлiк калыпы дәрiлiк зат болып табылады. Дегенмен кейде калып беретiн заттар - Constituens қажет болуы мүмкін. Дәрiлiк қалып беретiн зат рецептте негiзгi және косымша заттардан кейiн жазылады. Әрi карай белгiленген терминмен (Subsripcio) - фармацевтке арналған нұскау жазылады (мысалы, Misce ut fiat unquentum -Араластыр, жағылма тузiлсiн т.с.с.). Казiргi уакытта өнеркәсіпте шығарылған дәрілік заттар (мысалы, драже, таблетка, жағылма, ампуладағы, флакондағы дәрілік заттар) жиі қолданылады, оларды рецептте қысқартылган түрде жазады.
Рецепттiн онында белгілеу - S. (Signa. Signetur - Белгiлеу. Белгiленетін болсын) белiмiнде дәрігер науқасқа немесе медицина кызметкерiне препараттың қолдану әдістері бойынша ұсыныстар жазады. Рецепттiң сигнатура (Signatura) бөлiмiнде қыскаша және түсiнiктi түрде көрсетеді: 1) дозасын (1 ұнтақтан, 1 таблеткадан, 1 ас қасыктан, 20 тамшыдан және т.б.); 2) кабылдау уақытын, жиiлiгiн (күнiне қанша рет, тамаққа дейiн немесе тамақтан кейiн, ұйықтар алдында және т.б.); 3) препаратты қолдану тәсілі (көк тамырға, тері астына, баяу енгiзу және т.б.) Рецепттi науқаска бермес бұрын, дәрiгер өзiнiн қолын койып, жеке мөрiн басады.
Құрамында улы немесе наркотикалық заттар болса бiр рецептуралық бланкіге бір дәрілік зат жазылады, қалған жағдайларда бiр бланкiге 2 дәрілік затқа жазуға рұқсат етiледi. Дәріге тәуелділік тудыратын (нашақорлық) арнайы тiзiмге енген (морфин, промедол, кокаин және т.б.) және оларға теңестiрiлген дәрілік заттарға рецепт белгiленген үлгі бойынша дайындалған арнайы бланкiге жазылады, емдеу мекемесiнiң дөңгелек мөрі, дәрiгердiң мөрі басылады. Сонымен қоса, емдеу мекемесінің бас дәрігері немесе бөлім меңгерушісінің қолы қойылады. Науқасқа дәрілік затты шұғыл түрде босату кажет болса рецептуралық бланктiң жоғарғы жағына «Cito» (жедел) немесе «Statum» (шұғыл, тез) деген көрсетулер жазылады. Бұл жағдайда дәрілік зат кезек күттірмей тез дайындалып, босатылады. Дәрігер дәрілік затты рецептте өзі қолдану үшiн жазса, рецептте көрсетіледі: Рго auctore - Автор үшiн немесе Рro me - Өзім үшін.
Дәрілік заттар официнальды және магистральды жолмен дайындалады.