1 Дәріс. Агрометеорология негіздері



бет1/2
Дата16.11.2022
өлшемі19,14 Kb.
#158580
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
1 Д ріс. Агрометеорология негіздері
педагогика лек 2, 1- Агрометеорология, 4 практикая. Агрометеорологии, Алматыкітап баспасы

1 Дәріс. Агрометеорология негіздері
Агрометеорология түсінігі. Агрометеорология – бұл метеорологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі объектілер мен үрдістердің өзара қатынастарын зерттейтін ілім. Оның негізгі шамаларына әуенің қысымы, ауаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, бұлттану, әуенің жауын – шашындары, жел жатады. Бұдан басқа метеорологиялық көрсеткіштерге күн радиациясы, оның спектрлік құрамы, күннің ұзақтығы біріктіріледі.
Тап осы жер мен сол мезгілде болған әуенің метеорологиялық нақты шамаларының жағдайы ауа райы деп аталады.
Жағрапиялық орнына байланысты белгілі бір аймақтың көпжылдық ауа райының жағдайын климат деп атайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және сапалы өнім алу үшін агроклиматтық қорларды дұрыс анықтап, тиімді пайдаланудың зор маңызы бар.
Жергілікті аймақтың метеорологиялық жағдайларына қарай бейімделген топырақты өңдеу, тұқымды себу, өсімдіктерді өсіру кезеңінде күтіп-баптау, өнімді жинау және тағы басқа агротехникалық шараларды сәйкестендіріп, ең тиімді түрлері қолданылады.
Зерттеу әдістері. Агрометеорологиялық зерттеулердің әдістері келесі негізгі заңдарға негізделген:

  1. Тіршіліктің негізгі факторларының тепе теңдігі (ауыстыруға болмайтындығы). Оның негізінде бұл өсімдіктердің дамуындағы қажетті факторларды (ауа, жарық, жылу, ылғал) алып тастауға немесе ауыстыруға болмайтындығы.

  2. Сыртқы орта факторлардың өсімдіктерге әсері бойынша маңызы әр түрлі болатындығын дәлелдейтін заң. Бұл заң бойынша сыртқы орта факторлар әсеріне қарай негізгілеріне және екінші дәрежедегілерге бөлінеді (жел, бұлттану, әуе қысымы және басқалар). Негізгі факторлар өсімдіктердің тіршілігіне тікелей және өте күшті әсер етеді (жауын-шашын, жылу, жарық). Маңызы бойынша екінші дәрежедегі факторлар негізгі факторлардың әсерін төмендетеді немесе күшейтеді.

  3. Оптимум заңы. Осы заң бойынша өсімдіктердің ең жоғары өнімділігі факторлары ең қолайлы деңгейде, сонымен қатар өсімдіктердің агротехникасы жоғарылаған сайын байқалады.

  4. Минимум заңы. (шектеулі фактор) Басқа факторлар өзгермей тұрған кезде минимумда болған факторға өнімділіктің деңгейі байланысты болады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан жағдайында өнімділікті шектейтін фактор ылғал болып табылады.

  5. Қиын қыстау кезеңдерінің заңы бойынша өсімдіктер белгілі бір тіршіліктерінің кезеңдерінде сыртқы орта факторлардың мөлшеріне сезімділігі өте жоғары болатындығына негізделген. Бұларға, әсіресе, ылғал, жылу, күн радиациясы жатады.

Аталған заңдарға агрометеорологияның негізгі зерттейтін әдістері негізделеді. Бұған жататындар:
1. Параллельді немесе ілесетін әдіс. Ол метеорологиялық құбылыстарды және өсімдіктерді танаптық байқау арқылы ауа райы мен өсімдіктердің байланысын, ауыл шаруашылық дақылдардың дамуын және өнімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл агрометеорологияның негізгі зерттейтін әдісін П.И. Броунов ұсынған. Әдісті қолданған кезде бір мезгілде (параллельді) метеорологиялық көрсеткіштердің көлемін анықтаған кезде танаптағы ауыл шаруашылық дақылдардың дамуы да бірге байқалады.

  1. Дақылдардың жиі себу мерзімдерін қолданатын әдіс. Белгілі бір жерде өсімдіктерді танапта әртүрлі мерзімдерде сеуіп, олардың дамуы мен ауа райын параллельді байқайды. Бұл әдісті қолданған кезде зерттейтін сорт вегетация кезеңі бойынша 5-10 күн сайын егіледі.

  2. Жағрапиялық егістерді зерттейтін әдіс. Әртүрлі жағрапиялық орындарда (әртүрлі климаттық жағдайларда) зерттейтін сорттарды себеді.

  3. Эксперименталды–танаптық әдіс. Танаптық тәжірибелерде арнайы құрылғылар мен тәсілдер арқылы өсімдіктердің агрометеорологиялық өсіру жағдайлары өзгертіледі (топырақтың температурасы, ылғалдылығы, жарықтанудың ұзақтылығы және қарқындылығы, қардың қалыңдығы және т. б.).

5. Дистанциялық зерттеулер. Ұшақ, тік ұшақ және спутник арқылы үлкен аудандарда егістердің жағдайын, топырақтың ылғалдылығын және т.б. көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.
6. Фитотрондар әдісі. Арнайы климатта жасалған қондырғыларда әр түрлі жарық, жылу, ылғал жағдайларына өсімдіктердің реакциясын анықтауға мүмкіндік береді.
7. Математикалық модельдеу әдісі. Математикалық модель арқылы метеорологиялық жағдайлардың әсерін өсімдіктердің өсуі мен дамуына және өнімділігіне әсерін сипаттауға мүмкіндік береді.
8. Математикалық статистика әдісі. Көпшілік байқауларды өңдеу арқылы өсімдіктердің дамуы мен өнімділіктің қалыптасуының климатпен байланысын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет