1-Дәріс. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері


Қазақ тілін оқыту – оқушының тұлғалық қасиеттерін, қабілеттерін дамытатын үдеріс



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі26,26 Kb.
#89755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 Дәріс. ҚТОӘ ғылымының зерттеу нысаны мен пәні
Қазақ поэзиясының құлагері, бухгалтерия есеп 1, 22-23 2-1 Адам анатомиясы Өтесінов Ж.Ө Б-22-2-2
Қазақ тілін оқыту – оқушының тұлғалық қасиеттерін, қабілеттерін дамытатын үдеріс. Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – ортамен өзара қарым-қатынасы. Сондықтан оқыту үдерісі мұғалімнің баламен, баланың баламен үнемі тілдік қатынас жасауын, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Мұндай оқыту үдерісінде бала тек мұғалім берген білімді қабылдаушы деңгейінде қалмайды, ол өзінің оқу әрекеті мен ақын-ойын басқаруы, өзінің танымдық әрекеттерін ұйымдастыра білуі (өз әрекетінің мәнін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) арқылы субьект дәрежесіне көтеріледі. Оқыту оқушының дамуына тікелей әсер ететін үдеріс болғандықтан, онда мынадай мәселелер назарда болады: оқыту үдерісіндегі білім мазмұнында оқушының сана-сезімін жан-жақты дамытатын, өмірге пайдалы, қажет материалдардың қамтылуы; әр пәннің қарастыратын нысанасына байланысты білім салалары ішкі бірлікте, жүйелілікпен оқытылуы; берілетін оқу материалдарының мазмұнын анықтауда коммуникативтік бағыттағы ұстанымдардың басшылыққа алынуы. Сондықтан, біріншіден, пән сабақтарында қоғамдық-әлеуметтік, адами қарым-қатынасқа негізделген тақырыптар қамтылса, оқытудың сапасы артады; екіншіден, материалдар бір-бірімен сабақтастық, жалғастық ыңғайда, яғни алғашқы дәрісте өтілген мәселе кейінгі дәрістерді қайталанып, сабақтастырылып, жалғастырылып, дамытылып, оқытылса, оқушының алған білімі нәтижелі болады және есте сақтау қабілеті артады; үшіншіден, оқу-әдістемелік кешендер (оқулық, мұғалімге қажетті оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, хрестоматия, шығармашылық жұмыстар және т.б.) өзара тығыз байланыста болып, оқушының ой-өрісін дамытатындай сипатта құрылса, оқушы интеллектуалдық және адами тұрғыдан үйлесімді дамиды. Олай болса, пәннің білім мазмұнында болашақ қазақ тілінің мұғалімі үшін тіл арқылы тәрбие беру, тіл арқылы оқушының жеке бас қабілеттерін көздеген бағытта дамытып отырудың жолдарын қамту – кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің маңызды шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет