1-Дәріс. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері


Қазақ тілін оқыту –жоспарлы үдеріс



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі26,26 Kb.
#89755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 Дәріс. ҚТОӘ ғылымының зерттеу нысаны мен пәні
Қазақ поэзиясының құлагері, бухгалтерия есеп 1, 22-23 2-1 Адам анатомиясы Өтесінов Ж.Ө Б-22-2-2
Қазақ тілін оқыту –жоспарлы үдеріс. Білім беруді барлық сатысында да сапалы білім беру жоспар бойынша орындалып, жүзеге асырылады. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні де мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамаларға сай болашақ қазақ тілі пәні мұғалімінің қазіргі заман талабына жауап беретін, халықаралық стандартқа сай білімді меңгерген, өз ана тілімен өзінің тарихын жетік білетін, қарым-қатынас мәдениеті дамыған, өзін – өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамыған маман етіп қалыптастыруды жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіп отырады. Осы үдерісте болашақ мұғалімнің де өз ісін тиянақты және нәтижелі ету үшін педагогикалық жұмысын жоспарлай алу дағдылары дамытылады. Мектеп мұғалімі оқушылардың жеке басы қасиеттері мен тұлғалық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ету үшін қандай алғышарттарды ескеруі керек, қандай нормативтікбазалық құжаттарды негізге алу керек деген мәселелерді саналы түрде меңгеруі басты талап ретінде қойылады. Ол үшін әрбір құжаттаың оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәнін, құқықтық негіздерін, мемлекеттік стандарттарды белгілеудегі орнын анық білуі болашақ педагогтің кәсіби сауаттылығын да дамытады, өз ісін нәтижелі жүргізуге бағыт береді. Қазақ тілін оқыту үдерісін жоспарлы ұйымдастыру тек күнтізбелік немесе күнделікті сабақ жоспарымен шектелмейді. Мұғалім қазіргі шиеленіске толы өмір жағдаятында, әлі де тоталитарлық жүйе бойға сіңірген авторитарлық басқару үстем болып отырМұғалім қазіргі шиеленіске толы өмір жағдаятында, әлі де тоталитарлық жүйе бойға сіңірген авторитарлық басқару үстем болып отырған кезеңде өз құқығы мен міндетін айқын білуі де осы құжаттармен жұмыс жасау қабілетіне тікелей байланысты. Пәнді оқыту жұмысы Қазақстан Республикасының « Білім беру » және « Тіл туралы » Заңдарынан бастап, білім саласына қатысты мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалар мен жалпыға міндетті білім стандарттарының, пәнді оқыту тұжырымдамалары мен оқу бағдарламаларының мазмұндық – құрылымдық жүйесін танып білуі, оны өз қызметінде дұрыс қолдана алуы оқушы білімінің тереңдігінің кепілі болып табылады. Сол себепті оқыту ұстанымдарын белгілеу мен оны күнделікті сабақта жүзеге асыру арасындағы үздіксіз үдеріс саналы жоспарланған жағдайда ғана жаңа заман талабына лайық тұлға қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің білім мазмұнында өз ісін жоспарлауға қажетті білімдер тиянақталып, олар практикалық тұрғыдан болашақ маманның нақты ізденіс жұмыстарында іске асырылып отыруы да қажетті шарттардың бірінен саналады. Өйткені жоспарлау – кез келген істің биік нәтижеге жетуінің бірден-бір тетігі. Олай болса, қазақ тілі сабақтарында оқушыларды да өз әрекетін жоспарлауға білім беру технологияларын (жобалай оқыту, витагендік оқыту және т.б.) қолданып отырудың жолдарын меңгерту кәсіби маманның құзіреттілігін дамытуда өзіндік рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет