М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Тақырыбы:
МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ПОРТФОЛИО ПМНО 22-1 УС тобы
Орындаған: Қайынды А.
Қабылдаған: Азимбекова Р.
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі нұсқаулығында «білім беру ұйымын аттестаттау кезінде білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сəйкестігі анықталады делінген.
Аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу нысандары:
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар құрамы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-əдістемелік жұмысы;
5) оқу-тəрбие жұмысы жəне педагогикалық жүктеме;
6) оқу-материалдық активі;
7) оқу жəне ғылыми зертханалары;
8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы;
11) кəсіптік практика болып табылады.
Мектеп қызметкерлерін аттестациялау ҚР «Білім туралы» Заңының 7-тарау 51-бабына сәйкес жүргізіледі. ҚР «Білім туралы» Заңының 7-тарауы «Педагог қызметкерлердің мәртебесі» деп аталады.
Педагог қызметкер міндетті: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге.
Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адамдарды кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады: