МұҒалімдерді аттестациялау және портфолио



бет3/3
Дата26.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#188283
1   2   3
Байланысты:
Менеджмент 13.04.2023

5) «Педагог-шебер» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар.
Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім
беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды тұлға – ұстаз. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін, әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы үшін портфолионың атқаратын рөлі зор.

Портфолионың негізгі мақсаты мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингін қамтамасыз ету, кәсіби маңызды жетістіктерін талдау және ұсыну.
Мұғалім портфолиосын құрастырудың негізгі прнинциптері:
жүйелілік
ұсынылған мәліметтердің дәлдігі мен толықтылығы
ақпараттың объективтілігі
Портфолио іс-әрекеттің барлық түрлерінде (оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз бетінше білім алу) мұғалімнің жеткен жетістіктерін есепке алуға мүмкіндік береді. Мұғалім портфолиосы жинақтау папкасында (файлдарымен бірге) безендіріледі. Портфолиоға енгізілген әрбір материалға мерзімі қойылуы қажет. Портфолионың құрылымы мұғалім өз алдына қойған немесе әдістемелік бірлестік төрайымы бекіткен нақты міндеттердің тұрады.
Портфолио аталмыш білім беру мекемесінде барлық жұмыс мерзімінде директор орынбасарларының бірінің үздіксіз қатыстырылуымен педагог тарапынан жинақталады. Портфолио материалдарын қосымша ретіндде педагогтың жеке жұмысына енгізіп қоюға болады. Жұмыс орнын ауыстырғанда ұсыныс хат ретінде немесе қосыша материал қызметін атқаруы мүмкін.
Портфолио төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1-бөлім. «Мұғалім туралы жалпы мәліметтер»
4-бөлім. «Тәжірибені жалпылау»
2-бөлім. «Педагогикалық қызметтің нәтижелері» (жыл бойы жеткен жетістіктерінің динамикасы)
3-бөлім. «Ғылыми-әдістемелік қызмет»
5-бөлім. «Пән бойынша сабақтан тыс қызмет»
6-бөлім. «Сынып жетекшісінің жұмысы»
7-бөлім. «Оқу-материалдық база»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет