Төменде көрсетілген пациент жағдайларының қайсысы 2 (екінші) жеделдік санатына жатады?
Төменде көрсетілген пациент жағдайларының қайсысы 3 (үшінші) жеделдік санатына жатады?
Жедел медициналық жәрдем бригадасы "көшеде ес-түссіз, белгісіз адам" деген тұжырыммен шақырту алды. Бригада оқиға орнына жедел медициналық көмек көрсетудің бекітілген ережелеріне сәйкес қанша уақыт ішінде келеді?
52 жастағы науқас алғаш рет пайда болған төс сүйегінің артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Кенеттен ол есінен танып қалды, тынысы тарлығып, үзіліп қиындай бастады. Ұйқы артерияларындағы пульс анықталмайды. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қан айналымын тоқтауының тікелей себебі болып табылады?
Төменде көрсетілген әрекеттерден бір жасқа толмаған балаға жанама жүрек массажының дұрыс параметрлері қайсысы?
Науқаста алғаш рет пайда болған ГИС шоғырының сол аяғының блокадасы көрсетілгендерден қайсы патологияның дамуына күдіктендіреді:
Төмендегілердің қайсысы өкпе ісінуінің дамуының патогенетикалық негізі болып табылады?
Төмендегілердің қайсысы қан айналымының тоқтауының себебі болып табылады?
Миокард инфарктісі бар науқаста біраз уақыттан кейін ЭКГ-да теріс Т тісшесі және патологиялық Q тісшесі жоғалып кетті. Бұл көрсеткішті қалай интерпретациялайсыз?
Гипертониялық криз дамыған 56 жастағы науқаста аурудың екінші күні төс сүйегінің артында ауырсыну, ЭКГ-да st V1-V4 сегментінің көтерілуі байқалады. Төмендегілердің қайсысы тән асқынудың дамуының ең ықтимал себебі болып табылады?
Төмендегілердің қайсысы феохромацитома фонында дамыған гипертониялық кризді нақты тоқтатуға тиімді препарат?
Балада тыныс алу ұстамасымен қатар, тыныс алу кезінде қашықтықтан естілетін шертпелі шу естіледі. Бұл дыбыстық құбылыстың себебі неде?
Төмендегілердің қайсысы көмейдің жылдам дамитын стенозының ең ықтимал салдары болып табылады?
Түн уақытында жедел медииналық жәрдем бригадасы ауаның жетіспеушілігі, тұншығу, өнімсіз жөтел мазалайтын науқасқа шақырылды. Объективті: жағдайы ауыр, төсекте отыруға мәжбүр, алға еңкейіп, қолына сүйенеді. Терісі цианозды. Тыныс алу барысы дем шығарудың қиындауымен жүреді, алыстан құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бұл жағдайда гипоксияның аталған түрлерінің қайсысы орын алады?
Науқас К, 42 жаста, "жедел жәрдем" шақырды. Кенет дамыған тұншығу ұстамасына шағымданады. Науқас қолын кереуеттің шетіне тіреп отырады. Кеуде қуысы максималды тыныс алу күйінде, беті цианотикалық, үрей мазалайды, ТАЖ 32 рет мин., алыстан құрғақ ысқырықты ысқырықтар естіледі. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға тән симптом болып табылады?
Төмендегілердің қайсысы астматикалық күйдің 2-ші сатысына тән симптом болып табылады?
Альговердің шокты индексі сипаттайды.
Төменде айтылғандардың қайсысы балаларда дамыған шок көрінісінің ерекшеліктері болып табылады?
Төменде айтылғандардың қайсысы науқаста дамыған сенсорлық афазияның ең ықтимал түсіндірмесі болып табылады?
48 жасар ер адамға, көкіректің сол жағының ауырсынуына, ауа жетіспеу сезіміне, қысқа мерзімді есінен тануына байланысты дәрігер шақырылды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы байқалады, жүрек тондары тұйық. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б. Пульсі 180 соқ. мин. Мониторда: қарынша фибрилляциясына ұласқан пароксизмалды қарыншалық тахикардия. Аталған диагноздардың қайсысы барынша ықтимал?
Шақыртуға келген кезде пациент кенеттен төс сүйегінің артында өткір ауырсыну, содан кейін құрғақ жөтел, бас айналу пайда болғанын айтты. Біраз уақыттан кейін инспираторлық типтегі ентігу және терінің бозаруымен бірге цианоз дамыды. Эпигастрий аймағындағы патологиялық пульсация көзбен анықталады. Перкуторлы түрде - жүректің оң жақ шекарасының кеңейген, аускултацияда - II тон акценті және оның өкпе артериясының үстінен қосарланғаны байқалады. Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Оқиға орнында сіз зардап шеккен адамды ауыр жағдайда таптыңыз. Ентігу, айқын цианоз, тахикардия байқалады. Перкуссия кезінде кеуденің оң жағында тимпанит, кеудеаралықтың солға ығысуы анықталады. Аускультацияда оң жақта тыныс алудың күрт әлсіреуі анықталады. Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
67 жастағы науқас әйелде 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарылауы байқалады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ 160/110 мм.с.б.б. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
59 жасар науқас артериялық гипертония бойынша бақылауда. Гипотензивті дәріні қолдануды тоқтатқаннан кейін апта көлемінде жағдайы нашарлады: бастың ауруы, бастың айналуы, жүрек айнуы. Екі сағат алдында құсу, аяқтардың тырысуы, аз уақытқа естен тануы байқалған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есенгіреген, беті бозғылт, жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ минутына 66 рет, ҚҚ 240/130 мм сын. бағ., ТЖ минутына 22 рет. Мойын, тізе бұлшық еттерінің гипертонусы, Кернинг симптомы теріс, ошақты симптомдар жоқ. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
60 жастағы науқас әйел көптен бері артериялық гипертензия бойынша бақылауда тұрады. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды жүйелі қабылдайды. Жағдайы нашарлағанына 1 аптадай болған. Перкуторлы – жүрек шекарасы солға ығысқан. Жүрек тоны тұйықталған, ЖСЖ минутына 88 рет, АҚҚ 150/85 мм сын. бағ. Эхо КГ - сол қарынша гипертрофиясы. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Дәрігерге 63 жастағы науқас М. келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыбыр аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, ЖЖІІБ диагнозымен бақылауда тұрады. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағымданады. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформацияланған, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистолалар байқалады. Науқастың жағдайының ең ықтимал нашарлау себебі қайсы?
52 жастағы миокардтың трансмуралді инфарктімен ауырған науқас әйелде 2 аптадан кейін субфебрилді температура, ентігу, буындарда ауырсыну пайда болды. Тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталды. Аускультативті перикард үйкеліс шуы анықталды. ЭКГ динамикасы өзгеріссіз. Науқастың жағдайы нашарлауына көртілгендерден қайсысы себеп болды?
ФК ІІІ тұрақты стенокардиямен науқаста тыныштық күйде стенокардия ұстамасы пайда болды, ұстама жиілігі және қуаты мен ұзақтығы жоғарылады, ЭКГ-да бұрын байқалмаған өзгерістер пайда болып бірнеше күн сақталған және вегетативтік ауытқулар (терлеп кету, жүрек соғуы), демікпе қосылған, ал ЭКГ динамикасы мен ферменттер белсенділігін зерттеу миокард инфарктін анықтауға көмектеседі. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
47 жастағы ер адам жүйкелік-психикалық күштемеден кейін кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, бетінің жабысқақ тер басқанын сезінді. Өзі машинасымен ауруханаға келді. Тексергенде бозарған, ары қарай төс артында қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ — да синустық тахикардия, PQ 0,14 с, V1-V3 тіркемелерде ST сегменті R-дің ортасынан басталады және биік Т тісшесіне жалғасады. Жедел түрде қандағы ферменттер анықталды (қалыпты), перифериялық қан өзгермеген. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Науқас 52 жаста, жіті алдыңғы қабырғалы миокард инфарктімен түсті. Объективті: ЖСС 100 рет/мин, АҚҚ 145/90 мм.с.б., тыныс жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіле бастады. Оң қарыншаның О2 парциялық қысымы жоғарылады. Төменде көрсетілгендерден қайсысы диагнозды анықтау үшін мәліметті зерттеу әдісі?
30 жастағы ер адам тұлғаны қозғалтқанда пайда болатын кеуде тұсының сол жағында ауырсынуға шағымданды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну таңертең пайда болған. Бірнеше күн бұрын гриппен ауырған. Өкпесіне перкуссия және аускультация жасағанда патологиялық өзгерістер анықталмаған. Пальпациялағанда IY сол қабырғааралық айқын ауырсынады. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
50 жастағы ер адам айқын күштеме кезінде пайда болатын кеуде тұсында ауырсынуға шағымданды. Сол қолын қозғалтқанда және терең тыныс алғанда ауырсыну күрт күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жақта тыныс айқын әлсіреген. Перкуторлағанда тимпанит. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
40 жастағы науқас ер адам М. мойынға берілетін және тыныс алғанда күшейетін жіті пайда болған төс артында ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну кеше кешке пайда болған және біртіндеп күшейе отырып таңертеңгі уақытта барынша қатты байқалған. Бір апта бұрын гриппен ауырған. Жөтел жоқ. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
37 жастағы ер адам таңертең жүргенде кезеңді қол ұштары ұйып төс артында қысып ауырсыну пайда болуына шағымданды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну кезінде науқас жүрісін баяулатады. Алғашқы мұндай көрініс бір айға жуық уақытта пайда болған. Төменде көрсетілгендерден қайсысы диагнозды анықтау үшін алғашқы зерттеу әдісі?
30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды. Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал ЭКГ қорытынды болып табылады?
30 жастағы науқас ер адам кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқасқа жүргізу қажет?
Әйел адам 33 жаста. Шағымдары: енжарлық, кезеңдік жүрек аймағындағы ауру сезіміне. Анамнезінде жиі баспа. Объективті: Пульс 95 рет/ мин. аускультацияда: жүрек тондары тұйықталған, мезосистолиялық шерту (щелчок) және вертикальды қалыпта күшейетін үрлемелі систолалық шум төстің сол жақ шетінде. Төмендегі көрсетілендерден қайсысы ең ықтимал диагностикалық әдіс болып табылады?
Ер адам, 28 жаста. Шағымы жоқ. Объективті: акроцианоз. Жүректің жиырылу саны 89 рет/ мин, пульс 75 рет/мин. Жүрек шекаралыры: оң жағы – төстің оң шетінен 1 см сыртқа, кнаружи от правого края грудины, жоғарғысы – II қабырғаралықта, солы- ортаңғы бұғана сызығы бойында. I тон күшейген, өкпе артериясында II тон акценті, диастола басында жоғары жиілікті тон, жүрек ұшында дөрекі диастолалақ шу. Бұл жағдайда зерттеу әдістерінің ішінде ең алдымен қайсысын жасау керек?
Жанұялық дәрігерге жағдайы нашарлауына байланысты 68 жастағы ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Артериялық гипертензия ІІ дәрежесі, қатер ІV. ҚЖ ІІБ. диагнозымен бақылауда тұратын науқас ер адам қаралуға келді. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрегі айнуына, кезеңді ішінде ауырсынуға, көзінде екеуленуге шағымданады. Дәрілерді жүйелі түрде қабылдайды. АҚҚ 150/90 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 50 рет. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS комплексі деформацияланған, барлық тіркемелерде ST сегментінің изоэлектрлік сызықтан төмен қарай «астаутәріздес» ығысуы, бигеминия түріндегі қарыншалық экстрасистолиялар. Бұл науқастың жағдайының нашарлауының мүмкін болатын себебі қайсы?
57 жастағы ер адам, дәрігерге ентігуге, демікпеге, қызғылт көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданды. Науқас жағдайының нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде 5 жыл бойы артериялық гипертензия ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінің екі жағында да әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ырғақ бұзылған. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасымен. Электрокардиограммада жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет орташа есеппен. Сол жақ қарынша гипертрофиясы күштену белгісімен. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
60 жастағы науқас соңғы жылы анда-санда болатын бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Басы ауырғанда бірнеше рет АҚҚ 170/100 мм.с.б. көтерілген. Науқастың анасы 57 жасында АҚҚ жоғары көтеріліп инсультпен қайтыс болған. Науқастың артық салмағы бар, көп шылым шегеді, сыра мен майлы тамақты жақсы көреді. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
50 жастағы науқас, соңғы жылдары төстің жоғары бөлігінде түнге қарай пайда болатын 15 минутқа дейін созылатын ауырсынуға шағым айтады. Ауырсыну өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағанда басылады. ҚҚ 120/80 мм/ с бб, пульсі минутына 62, ЭКГ тыныш күйде патологиясыз. Физикалық күш түсіргенде сынама теріс. Ұстама кезінде ЭКГ- де кеуде тіркемесінде - ST сегменті жоғары көтерілген. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
27 жастағы науқас далада жасаған физикалық жаттығулардан кейін пайда болған ентігуге шағымданып жолықты. Анамнезінде құлпынай, жұмыртқаға аллергиясы бар. Бір ай бұрын респираторлық аурумен ауырды. Дәрігерге қаралмады, өзінше емделді (аспирин, қыша). шырышты қақырықпен жиі жөтел мазлайды. Тынысы қатқыл, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ЖЖЖ 76 минутына, АҚҚ 134/70 мм.с.б. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
ЖИА, күштемелі стенокардияның IIІ ФК-мен 49 жастағы науқаста ауырсыну ұстамасы кезінде түсірілген ЭКГ-да SТ сегментінің изолиниядан 1 мм-ге төмен депрессиялануы анықталды. 3 күннен кейінгі бақылау ЭКГ-сында теріс динамика пайда болды (SТ ығысуы және теріс Т тісшесі). Осы жағдайдағы емхана дәрігерінің тактикасы қандай?
29 жастағы науқаста сирек экспираторлы тұншығу ұстамалары байқалады, тұншығуды басу үшін аптасына бір реттен кем емес сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама аралық кезеңді зерттегенде болу керек шамадан ЖФТШ1 (ОФВ1) 80-85 %. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
45 жасар науқас дәрігерге мынадай шағыммен келді: жөтел, бірнеше жыл көлемінде аз мөлшердегі кілегейлі қақырық, соңғы төрт айда 3 этажға көтерілгенде және жүгіргенде ентігу пайда болған. 20 жылдан астам темекі шегеді, күніне бір қораптан. Қарап тексергенде тыныс шығаруы ұзарған, аздаған құрғақ сырылдар байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
27 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге тоңып дірілдеуге, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірінде ауырсынуға, дене қызуы 38,5 С жоғарылауына шағымданып қаралды. Үш күннен бері ауырады. Кеуде торының оң жақ бөлігі тыныс алу актісіне ілеспейді. Перкуссияда кеуде торының алдыңғы 3-ші қабырғааралығында және жауырынаралық аймақтың ортаңғы бөлігінен бастап дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс бұл аймақтарда естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Науқас Е.., 45 жас. Дене қызуының 39 C градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
64 жастағы науқас дәрігерге келесі шағымдармен келді: қою, сасық иісті қақырықты жөтелге, әлсіздік пен салмақ жоғалту. Анамнезінен: эпилепсиялық ұстамамен 10 жылдан бері ауырады. Соңғы ұстамасы 2 апта бұрын болған. Өкпе рентгенограммасында: оң жақта жоғарғы сегменте – сұйықтық деңгейі бар қуыс. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
35 жасар әйел темекі шегеді, артық дене салмағы 32 кг, 1 жылдан астам пероралды контрацептивтер қолданған, ентігуге, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілуіне, қан аралас қақырықты жөтелге, әлсіздікке, көкірек қуысының оң жақ бөлімінің ауырсынуына шағымданады. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен қайтарған. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды. Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
43 жастағы науқас, аспазшы, 14 жасынан темекі тартады. 4 жыл ішінде жеңілдік бермейтін шырышты қақырық бөлінуімен тұрақты жөтел, жүктеме кезіндегі ентігу мазалайды. Кеуде торы бөшке тәрізді. Дауыс дірілі екі жақта әлсіз. Перкуссияда қорап дыбысы. Тынысы қатқыл, дем шығаруы созылыңқы, бүйірлерінде дискантты сырылдар естіледі. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
40 жастағы әйел аралас түрдегі бронх демікпесі бойынша жанұялық дәрігердің тіркеуінде тұрады. Ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта белгілер айына 2 реттен көп. Күнделікті фенотерол ингаляциясын қабылдайды. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
28 жастағы науқас далада жасаған физикалық жаттығулардан кейін пайда болған ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде құлпынай, жұмыртқаға аллергиясы бар. Бір ай бұрын респираторлық аурумен ауырды. Дәрігерге қаралмады, өзінше емделді (аспирин, қыша). шырышты қақырықпен жиі жөтел мазлайды. Тынысы қатқыл, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ЖЖЖ 76 минутына, АҚҚ 134/70 мм.с.б. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
40 жастағы науқас ер адам 2 сағат бұрын жұмыста отырғанда дене қызуы көтерілгеніне, бұлшық етте ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Кешке қарай қалтырап, дене қызуы 39 С – қа көтерілген, көкірек қуысында жөтелгенде күшейетін ауырсыну, құрғақ жөтел, артынан аздап қақырық бөліну, демікпе пайда болған. Объективті: жағдайы ауыр, тері қабаты қызарған. Тынысы жиілеген, минутына 26 рет, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс тұйықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
38 жасар науқас дәрігерге 2 жыл шінде кейде шырышты-іріңді қақырық бөлінуімен жөтелге шағымданып жолықты. 15 жасынан темекі шегеді. Соңғы 3 ай ішінде жүгіргенде және 3 қабатқа көтерілгенде ентігу пайда болады. Аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Тиффно индексі 55%. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал диагноз болып табылады?
Бала 6 жаста. Қонақта болған. Столға қуырылған балық қойылғаннан кейін, жемесе де 10 минуттан кейін ұстама тәрізді жөтел, «дистанциядан сырылдар», тұншығу ұстамалары пайда болды. Төменде айтылғандардың қайсысы ең тиімді ем болып табылады?
Қарт әйел 78 жаста, бронх демікпесі ұстамасына байланысты учаскелік дәрігер шақырылды. Дәрігер небулайзер арқылы сальбутамол ингаляциясын қолданған, содан кейін науқаста шамалы жеңілдену байқалады. Бірақ ентігу мен ысқырық сырылдар сақталады. Төменде айтылғандардың қайсысын емге қосу қажет?
Науқас 52 жаста, төс астының қысып ауруына шағымданады. Кенет есін жоғалтып, тынысы тарылып, қорылдай бастады. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Реанимациялық шаралар жүргізу мақсатында төменде айтылғандардың қайсысы бірінші кезектегі тәсіл?
43 жастағы науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Төменде айтылғандардың қайсысын бірінші кезекте жасау керек?
50 жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді. Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин талдауы өзгеріссіз. Төменде айтылғандардың қайсысы дұрыс дәрігер тактикасы?
47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Науқас қосымша бронх демікпесімен ауырады. Бұл жағдайда науқасқа қайсы препаратты тағайындауға болмайды?
Миокард инфарктімен ауырған 62 жастағы ер адам дәрігерге басы ауыруына және басы айналуына шағымданып қаралды. Тексергенде: пульс – минутына 86 рет, артериялық қан қысымы – 200/100 мм сын. бағ., жүрек жетіспеушілік белгілері жоқ, аяқ тамырларының облитерирленген атеросклерозы белгілері байқалады. Науқасқа артериялық гипертензиясын коррекциялау үшін қайсы дәріні тағайындау ең тиімді?
25 жастағы науқас әйел дәрігерге басы айналуға, қорқыныш сезімге шағымданып қаралды. Объективті: беті бозарған, мұздай. ЖСЖ – минутына 100 рет. АҚҚ күрт жоғарылаған - 230/140 мм сын. бағ. Терапевт феохромацитома кезіндегі гипертониялық кризді анықтады. Кризді көрсетілген дәрілердің ішінен тек қайсысы тоқтатуы мүмкін?
78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін қайсы дәріні тағайындау ең тиімді?
Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнезінде: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жақсартуда қолданылатын ең тиімді қайсы дәріні тағайындау қажет?
50 жастағы ер адам ауруханаға төс артындағы сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын қарқынды ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ-110/70 мм.с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Төмендегі дәрілердің қайсысын науқасқа көмек көрсету кезінде алғашқы болып енгізіледі?
38 жасар науқастың емханада қабылдау кезінде көкірек тұсында кенеттен ауырсыну пайда болды. ЭКГ-да жіті миокард инфаркті белгісі. Төмендегілердің қайсысы дұрыс тактика?
55 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге тоқтағанда басылатын, 3-ші қабатқа көтерілгенде және тегіс жермен 500 м –ден ұзақ жүргенде жүрек тұсында сол қолға берілетін қысып ауырсынуға шағымданып қаралды. Бұл симптомдар жүрек соғуымен және беті қызаруымен бірге жүреді. Бұл науқасқа төмендегілердің қайсысын тағайындаған тиімдірек?
ЖИА, күштемелі стенокардияның II ФК-мен 52 жастағы ер адам М. 5 күн бойы 80 мг верапамилді тәулігіне 3 реттен қабылдаған, клиникалық нәтиже болмады. Нитраттарға қарсы көрсеткіші бар. Осы жағдайдағы емхана дәрігерінің тактикасы қандай?
ЖИА, күштемелі стенокардияның IIІ ФК-мен 50 жастағы науқаста ауырсыну ұстамасы кезінде түсірілген ЭКГ-да SТ сегментінің изолиниядан 1 мм-ге төмен депрессиялануы анықталды. 3 күннен кейінгі бақылау ЭКГ-сында теріс динамика пайда болды (SТ ығысуы және теріс Т тісшесі). Осы жағдайдағы емхана дәрігерінің тактикасы қандай?
52 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының ауырсынуы, жүректің қатты соғуы, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Жүрек тондары тұйықталған, артериялық қан қысымы 80/50 мм сынап бағанасында, қарыншаүстілік тахикардия. Осы науқасқа төмендегілердің қайсысы ең тиімді дұрыс тактика?
44 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының ауырсынуы, жүректің қатты соғуына шағымданды. ЭКГ-да жедел миокард инфарктының фонында политопты топталған қарынша экстрасистолиясы анықталды. Төмендегілердің қайсысы дұрыс тактика?
45 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қайталанып тұратын жүрек тұсының ауырсынуына, жүректің қатты соғуына шағымданды. Қайталанып тұратын қарынша үстілік тахикардиямен жүретін, созылмалы жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Осы науқастың қолдау терапиясына төмендегілердің қайсысы қажетті препарат болып табылады?
60 жастағы ер адам 4 сағ. бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Бұл жағдайда қайсы препарат ең тиімді тағайындау болады?
65 жастағы науқас ер адам соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Төмендегілердің қайсысы жоспарлы емде дұрыс тактика?
Синустық түйін әлсіздігі бар науқас ер адамда минутына 45 реттік синустық брадикардия байқалады. Кардиостимулятор қоюдан науқас бас тартты. Науқасты консервативті емдеу үшін қайсы препаратты қолдануға болады?
63 жастағы науқас ер адам 3 жыл бұрын ауырған инфекциялық миокардиттен кейін пайда болған кенеттен қатты басы айналып есінен танып қалатын ұстамаларға шағымданды. Соңғы кезде ұстамалардың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқайды. АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 57 рет. ЭКГ-да PQ интервалы ұзарған, ретті Самойлов-Венкебах кезеңдері. Төмендегілердің қайсысы осы науқасқа ең тиімді емдеу әдісі болады?
50 жастағы М. науқас әйелде үйінде қарағанда ентігу, тыныштық күйде жүрегі жиі соғуы, дене жүктемесінде оның күшеюі, жөтел, қанды қақырық байқалды. Ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз. Өкпесінде – артқы төменгі бөлікте ылғалды, үнсіз сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, ЖСЖ минутына 110 рет. Жүрек түрткісінде үшмүшелі сыңғыр естіледі: шапалақты 1 тон, диастолалық шу және митралді қақпақша ашылу тоны. Бауыр жиегі 2 см-ге шығыңқы. Сирақтар ісінген. Төмендегілердің қайсысы дұрыс тактика?
37 жасар науқас әйел, оқытушы, қантты диабетпен, I дәрежедегі СЖЖ бар дәрежедегі АГ ауырады. Қандағы глюкоза мөлщері 7,8 ммоль/л. Аймақтық дәрігер гипотензивті терапия ретінде пропранолол тағайындады. Бұл жағдайда гипотензивті препараттардың ішінне қайсысы таңдаулы болып табылады?
67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне, кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі – минутына 28 рет, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90 мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет. Науқасқа қайсы препаратты тағайындаған тиімді?
Бронх демікпесінің атопиялық варианты және нейроциркуляторлық дистонияның тахикардиалды синдромымен ауыратын 35 жастағы науқас әйел бір апта пропранололды минималды дозада қабылдап, саяжайға кеткен. Жүйектерді шабу барысында ауыр тұншығу ұстамасы дамыды. Науқасқа қайсы препаратты тағайындаған тиімді?
62 жастағы науқаста орташа дәрежелі ауырлықтағы бронх демікпесінің өршу фонында инфаркттан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистолия. Науқасқа тағайындалуы қажет тиімді базисті ем?
38 жастағы науқас К-да., ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасын беротекпен қайтарған, преднизолон 10 мг/тәул 2 жыл бойы қабылдайды. Тыныс шығару шыңының жылдамдығы - 65%. Науқасқа базисті ем ретінде қайсы препаратты тағайындау керек?
35 жастағы науқас бронх демікпесімен 2 жылдан бері ауырады. Тұншығу ұстамасын беротекпен қайтарады, гормонға тәуелді. Тыныс шығару шыңы жылдамдығы - 66%. Қараған кезде – тыныштықта ентігу, аускультацияда – барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар. Науқас соңғы сағатта үш рет беротекті ингаляция түрінде қабылдаған. Науқасқа ем ретінде қайсы препаратты тағайындау керек?
Стенокардия ұстамасы мен синус түйінің әлсіздігі синдромы бар қарт адамға антиангиналды ем ретінде қайсы препаратты тағайындау керек?
Науқас отбасылық дәрігерге таңертең кенеттен болған жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Қарағанда тілі құрғақ, жабынмен жабылған, температурасы 37,7 С, пальпацияда іші ауырады, алдыңғы іш қабырғасының жайылмалы қатаюы. АҚҚ 100/70 мм. сын. бағ. ЖСЖ 97 рет минутына. Бұл жағдайда қайсы емдік тактика тиімді?
56 жастағы ұзақ уақыт артериялық гипертониямен ауыратын науқаста АҚҚ 230/130 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы кезінде айқын ентігу пайда болды. Аускультацияда жауырынның жоғарғы жиегіне дейін ылғалды майда көпіршікті сырылдар анықталды. Төмендегілердің қайсысы дұрыс тактика?
8 жасар балаға үйге шақыру түсті. Қиындаған дем шығарумен ұстамаға, қиын бөлінетін қақырықпен өтетін жөтелге шағымданып келді. Анамнезінен: ерте жасынан көктем-күз мезгілдерінде өршитін бронхитпен жиі ауырады. Соңғы 3 жылда күнде, әсіресе түнде болатын, сальбутамол ингаляциясынан кететін тұншығу ұстамасы байқалады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде, дистанциялы ысқырықты тыныс, тыныс жиілігі минутына 32 рет. Өкпеде қорап тәрізді дыбыс, тынысы қатаң, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық аймағында ысқырықты құрғақ сырыл естіледі. Бұл жағдайда қайсы препараттарды емге қосқан жөн?
Қабылдауда 12 жасар бала. 7 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Соңғы кездері бастың ауру мен АҚ 130/80 мм.сын.бағ. көтерілуіне шағымданады. ЭКГ-де сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері анықталған. Науқас үнемі ингаляциялық беротек қабылдайды. Бұл жағдайда қайсы топ препараттарын тағайындамаған жөн?
6 жасар балада ұстамалы жөтел, шулы тыныс. Тұншығу ұстамасы шоколад жеген соң туды. Қарағанда жағдайы орташа дәрежелі, тынысы қашықтықтан естіледі, өкпеде қорапты – перкуторлы дыбыс, өкпенің барлық аймағында құрғақ сырылдар, жүрек тондары тұйықталған. Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпе түбірі манайында бронх-өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарлаған, ошақты көлеңкелер жоқ. Ұстаманы тоқтату үшін төменде көрсетілгендерден қайсы дәріні тағайындайды?
72 жастағы омарташы ара ұясын қысқа дайындауда шөппен жауғаннан соң, жедел ауырған. Пневмония диагнозы қойылған, алайда пенициллинмен емдеу жағдайының нашарлауына әкелген: ентігуі үдей түскен, дем шығарған кезде жөтелуі күшейген, әлсіздік пен шаршағыштық үдей түскен. Өкпесінде дем шығару кезінде, жөтелгенде өзгермейтін крепетация естіледі. Преднизолон 40 мг/тәу тағайындалып, мөлшерін баяу 10 мг түсіру тағайындалды. Көрсетілген әрекеттерден қайсы емдік тиімді тактика қолданылады?
Бронх демікпесімен ауыратын 42 жастағы науқас аптасына бірнеше рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан соң тұншығу ұстамасы ай бойы мазаламаған. Соңында беротекпен басылмайтын жөтел және ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүр қалыпта, айқын ентігу, дистанциялық сырылдар естіледі. Бұл жағдайда қайсы емдік тактика тиімді?
Бронх демікпесімен ауыратын науқаста аталық бездің аденомасы фонында тұншығу ұстамасын басу үшін нені тағайындау тиімді?
55 жастағы науқас соңғы жылдары түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсынуға шағымданады, АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік болғанның өзінде физикалық жүктемеден соң сынама теріс. Ауырсыну ұстамасы кезінде ЭКГ-да кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Бұл жағдайда препараттардың қайсысы қолданылады?
Стенокардиямен ауыратын 42 жастағы науқасты алғаш рет 30 минутқа созылатын, сол жақ жаққа берілетін, төс артындағы айқын ауырсынулар мазалайды. Эмоциясы тұрақсыз. Тіл астына 5 минуттық үзіліспен нитроглицериннің 2 таблеткасын және аспириннің 1 таблеткасын қабылдады. Ауырсынуға төзімсіз бола бастады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ауырсыну ұстамасын басу үшін қайсы емдік шаралар тиімді?
50 жастағы науқас басының қатты ауыруына, ентігу, төс артындағы қысып ауырсынуға, оның сол иыққа берілуіне, жүрек айнуға шағым айтады. Өзін бір аптадан бері науқаспын деп санайды басы ауырған, гипотензивті емді алмаған. Тексергенде АҚҚ 190/150 мм с.б., ЖСЖ – 110 минутына. ЭКГ-де: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Бұл жағдайда қайсы препараттан емді бастау керек?
Тыныс демікпесінің ұстамасында сальбутамол қолданылды, науқастың жағдайы аз ғана жақсарған, дегенмен ентікпе мен өкпесінде ысқырықты сырылдар әлі бар. Бұл жағдайда қандай дәріні енгізу қажет?
Науқаста күш түскеннен кейін тұншығумен жүретін ентігудің ұстамасы, көбікті қақырықты жөтел пайда болды. Тексергенде: Жағдайы ауыр. Ортопноэ. АҚ 130/80 с.б.б. Өкпесінің екі жағында ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар, бауыры ұлғайған, аяғында ісіктер. Бұл жағдайда қайсы шұғыл көмек тиімді?
44 жастағы науқаста миокард инфарктімен бірге топталған политопты қарыншалық экстрасистолалар пайда болды. Осы жағдайда аритмияға қарсы қайсы дәрі қолданылады?
Науқас әйел басының айналуына, қорқыныш пен күдіктенуге шағымданады. Объективті қарағанда: беті солғын, салқын. ЖСС-100рет минутына, қан қысымы кенеттен 230/140 жоғарылап кетті. Дәрігер феохромацитомадан болған гипертониялық кризді анықтады. Осы жағдайда кризді қайсы дәрімен басуға басуға болады?
Сол қарыншаның төменгі-диафрагмалды бөлігінің жіті интрамуральды инфарктісі бар науқаста толық АВ блокада дамыды. ЧС-минутына 52. АҚ 120/70 мм. сын.бағ. Бұл жағдайда қайсы емдік тактика тиімді?
Жүрек гликозидтермен уланғаннан кейін егде жастағы науқаста қарыншалық аритмия дамыды. Осы жағдайда қайсы дәрі тиімді?
Тізімде көрсетілген асқынулардың қайсысы кеңірдектің жіті стенозын тудыруы мүмкін?
Асматикалық статустың емінде міндетті түрде қолданылатын төмендегі препараттардың қайсысы ең ықтимал үйлесім?
Мазасыздық, бірден басының ауырсынуы, тыныстың қиындауы, денеесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданған 3 жасар балаға жедел жәрдем шақыртылды. Бала 2 күннен бері ауырады, диагнозы «екі жақты пневмония». Дәрігер бұлшықетке ампициллин енгізуге берген. Бірінші инъекция 30 минут бұрын жасалған. Терісінде уртикарлы бөртпелер бозғылт фонда. Балада салқын жабысқақ тер. Тынысы қиындаған. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
Науқас бала атопиялық дерматитпен көрінген жедел респираторлы аурумен ауырады. Аурудың 4 күні қатқыл үрген тәрізді жөтел пайда болған, жалпы мазасыздық, дем алу барысында кеуде клеткасының ішке кіруімен ентігу, шулы тыныс. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
Науқас А., 26 жаста. Инспираторлық ентігу, тұншығу, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнез: эндометрит бойынша гинеколог абакталды көктамыр ішіне құюға тағайындалды, содан кейін өзін-өзі сезіну күрт нашарлады, құрғақ ұстама тәрізді жөтел, ентігу, тұншығу пайда болды. Жағдайы ауыр. Жүзінде қорқыныш сезімі, науқас қозған қалыпты. Тері жамылғысы бозғылт түсті, ылғалды. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондарының кереңдігі, минутына ЖЖ 54, брадикардия, әлсіз толымды пульс, АҚ 80/60 мм.сын.бағы. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
Тыныс демікпесінің ұстамасында сальбутамол қолданылды, науқастың жағдайы аз ғана жақсарған, дегенмен ентікпе мен өкпесінде ысқырықты сырылдар әлі бар. Төменде берілген дәрінің қайсысын емге қосу тиімді?
~Науқас 19 жаста. Қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен келіп түсті. Шағымдары: ұстамалы жөтелге, кеуде аймағының қысылуына, ринорея, мұрын аймағындағы қышу, түшкіру, көзінің жасаурауына. 3 жылдан бері ауырады, күз маусымымен байланысты. Анамнезінде: ерте жасында атопиялық дерматит, тағамдық, дәрілік аллергия болған. Аллергиялық тұқымқуалаушылығы оң. Төменде берілген дәрілердің қай топтағы комбинациясы тиімді?
Холераға қандай келесі симптомдар тән?
Қай асқыну қызылшада жиі кездеседі?
Менингитке қандай симптомдар тән?
Бала 5 жаста, бала-бақшаға барады, кызылшамен науқас баламен қатынаста болған. Шағымы денесінде бөртпе, дене температурасының жоғарылауы. Клиникалық диагнозды қою үшін қай симптом тән?
72 жастағы науқас ауыр бөліктік пневмониямен сырқаттанған. Жоғары дене қызуының жедел төмендеуі кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу, құлақта шулау, жүрек айну, құсқысы келу шағымдары дамыды. Обьективті: науқастың тері жабындылары бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының тұйықталуы, төмен АҚҚ. Науқастың жағдайы қандай диагнозбен асқынды?
Науқаста жоғарғы температура, бас ауруы, 5 сағаттан кейін ұсақ нүктелі бір бірімен қосылған «жұлдыз» тәрізді бөрткен қүйрығында және аяғында пайда болды. Сіз қандай болжам диагноз қойдыңыз?
Ветеринар болып жұмыс істейтін жұмыскерде карбункул, жоғарғы температура, ортасында карбункүлі бар қара струп, шетерінде екіншілік «балалық везикула». Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?
2 жасар қыз бала, жедел ауырған, дене температурасы 38С жоғарылаған, жөтел пайда болған, мұрыннан су ағу, коньюктивит. Келесі күні катаральды белгілері ұлғайған, коньюктивит айқын байқала бастаған, жарықтан қорқа бастаған. Ауруының төртінші күні дене температурасы 39,5 жоғарылап, бетінде бөртпе пйда болып, келесі күні бөртпе денеге, аяқтарына тарай бастаған, тыныс алу жолдарының катаральды белгілері күшейген. Қандай диагноз сәйкес келеді?
Науқас Р бас ауруы мен әлсіздікке шағымданады. Склера тамырларының бір жағы қызарған. Пальпаторлы: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған. Бауыр мен көкбауырдың ұлғайғаны байқалады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бадамша бездері нүкте және аралшалар түріндегі ақшыл болбыр жабынмен жабылып, ұлғайған. ЖҚА-де: лейкопения, эозинопения, ЭТЖ -18 мм/сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?
Бала 3 жаста, бала-бақшаға барады. Жедел ауырған, дене температурасы 38,5 С жоғарылаған, жөтел байқалады, сілекей ағу, жарықтан қорқу, бас ауруы. Қан талдауында: Hb – 140г/л, Эр - 4,4х10/12/л, Т.К– 0,95, Лейк. – 17,5х10/9/л; Т/я – 3%; с/я -82 %; Төмендегі диагноздардың қайсысына сәйкес?
Қабылдау бөліміне 16 жастағы науқас бас ауыруы, жүрек айнуы құсуға дейінгі дәрежедегі шағымдарымен түсті. Жарық көзді тітіркендіреді. Жедел ауырды. Дене қызуы 40 град. Қалтырау байқалады. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тұлға мен аяқтарда дұрыс емес формадағы жұлдызшалар түріндегі геморрагиялық бөртпелер байқалады. Әр жерлерде диаметрі 2-4 см дейінгі ұсақ петехиялар мен ірі қан ұюлар көрінеді. Көрсетілгеннің қайсысы ең нақты себеп?
Түскі ас кезінде 23 жастағы науқас асхананың мәзірінен қуырылған тауық еті, шоколад, кофеге тапсырыс берді. 1,5-2,0 сағ соң науқас өзін нашар сезініп, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну, іш өтуге шағымданды. Қандай микроорганизм бұл жағдайды тудырды?
Балаларға дене температурасының дәрежесіне қарай жедел көмекті көрсетуде төмендегі қай фебрильді қызбалар көрсеткіш?
Науқас Б.,22 жаста. Құсу, тәбетінің төмендеуі, ішінің ауырсынуы, көз алдында екі еселеніп көрінуі,птоз шағымдарымен ЖМК шақырған. Жедел ауырған. Жалпы жағдайы орта дәрежеде, тері жабындылары бозғылт түсті, тілі ақ жабындымен жабылған, ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады.дәрігер алғашқы ботулизм диагнозын қойды. Ботулизмде ауруханаға дейiнгi кезiңде қандай алғашқы көмек дұрыс?
2 жастағы ұл балада ЖРВИ белгілері. Дене қызуы 38,2 0С. Жоғары қызба фонында бірнеше рет діріл реакциялары байқалған. Балада діріл синдромының дамуын алдын алу үшін міндетті түрде қандай препараттарды енгізу керек?
Нәресте 3 айлық салмағы 5,0 кг «қызғылт» 38,9С. Дене қызуын төмендету үшін, қандай көмек ықтимал?
Қабылдауда 2 жасар бала. Шағымы бетінде, денеде дақты папулезді бөртпе, дене температурасы 38,5 С жоғарылауы, бетіннің дөңгелектенуі. Қызылша диагнозы койылды. Жалпы қан анализі тапсырылды. Осы науқасқа қан талдаудың қай өзгерісі сәйкес ?
Дәрігер үйге актив қабылдаған, бала 4 жаста. Қызылша бойынша ем қабылдайды, асқыну жоқ. Дәрігердің осы науқасқа байланысты қандай шешімі қолайлы?
2 жастағы баланың салмағы 12 кг. Жиі түнгі уақытта тік ішек маңындағы қышу сезіміне шағымданады. Бала тітіркенгіш, мазасыз бола бастаған, есте сақтау қабілеті нашарлаған. Тік ішек маңы қатпарынан алынған қырындыда айырша (острица) құрт анықталған. Пирантел таблеткасының қай мөлшері қолайлы?
7 айлық қыз балаға үйге шақыру түсті. ЖРВИ, фебрильді тырысу диагнозы қойылды. Тырысуға қарсы балаға седуксен тағайындалады. Төмендегі көрсеткеннің қайсысы тиімді мөлшер болып табылады?
18 жасар бала. Жөтелге шағымданып келді. Науқастың айтуынша вирусты инфекциямен ауырып, ем қабылдаған. Бірақ жөтелі кетпейді. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі таза, боз. Жөтелі құрғақ, сирек. Төменде көрсетілген дәрінің қайсысы тиімді болады?
32 жастағы әйел тұрақты жөтелден кейін бұлшықетке цефозалин қабылдаған. Үш күн өткен сон дене қызуы 38,2С көтерілген. Денесінде қасынған іздер қалған. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Антибиотиктердің қай тобы осындай жағдайға әкелуі мүмкін?
Науқастың оң жақ аяғында өткізгіштік типі бойынша терең сезімталдықтың бұзылысы анықталды. Қай құрылым зақымданғанда мұндай белгілер дамуы мүмкін?
Инсульт өткерген науқас басқалардың сөзін түсіну қабілетін жоғалтты. Науқас тым көп сөйлейді, сөзінде вербальды және литеральды парафазияларды көп қолданады. Науқаста қандай бұзылыс бар?
Симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы болып табылады:
30 жастағы әйел адамда бастың қатты ауырсыну, жүрек айну, құсу дамып, бірнеше минуттан соң санасын жоғалтты. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері сопор, АҚҚ 130/80 м с.б., пульс-80 соққы мин, ырғақты, дене қызуы 38,20С, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдарын анықталды. Парез және басқа неврологиялық бұзылыстар анықталмады. Қандай аурумен ажыратпалы диагностикасын жасау қажет?
32 жастағы науқас 3 ай ішінде көру қабілетінің бұзылуын, қосарлап көру, жүрістің теңселуі, оң жақ аяғындағы жайсыздық пен ұю сезімін байқай бастады. Анамнезінде: 7 ай бұрын босанған. Неврологиялық қарап тексеруде көлденең нистагм, пирамидалық рефлекстері жоғарылаған, оң жақта Бабинский рефлексі оң мәнді, құрсақ рефлекстері шақырылмайды. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
37 жасар ер кісі, бас ауруына, дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, екі апта бойындағы ұйқышылдыққа, көзіндегі екі еселенуге шағымданды. Объективті: ішке қарай қылилық, птоз, жарыққа реакциясы сақталған, ал конвергенцияға жойылған. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?
21 жастағы ауруда кенеттен эпилептикалық ұстама дамыған, ары қарай галлюцинациямен қосарласқан психикалық жағдай байқалған, көз түбінде – іркілу құбылыстары анықталды. Емдеу нәтижесінде симптомдардың тежелуі байқалды. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
48 жастағы науқас туыстарының айтуы бойынша 8жыл бойы қант диабетімен ауырады, қант төмендететін дәрілер қабылдайды. Соңғы күндері ауруды полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық қинайды. Науқасты қарағанда есінен айырылған, арефлексия, тынысы жиі үстіртін, /ацетонның иісі жоқ/.Терісі құрғақ, көз «алмасының» тонусы төмендеген, өкпесінде сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы Пульс 100 мин. АҚ – 90/70 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды.Қан анализінде: гипергликемия 95 ммоль/л гипернатриемия,плазманың осмолярлығы 380 мосм/т. Жалпы қан анализінде: глюкозурия, ацетон жоқ. Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал асқыну болып табылады?
Науқас Р., 35 жастағы ауру жоғары АҚҚ фонында, күйзелістен кейін құсу, психомоторлы қозу, птоз, оң жақта мидриаз және көз қылилығы пайда болды, менингеальды симптом, гипертермия 38,50С. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?
Ревмокардитпен ауыратын 48 жастағы әйелдің жұмыс уақытында кенеттен құсу мен бастың қатты ауырсынуы басталды. Сананың қысқа мерзімді жоғалуы болды. Неврологиялық тексеруде оң жақты жеңіл гемипарез, оң жақты гемигипестезия, гемианопсия анықталды. Жарты сағаттан кейін барлық неврологиялық белгілер жойылды. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
3,5 айлық бала, анамнезі ерекшеліксіз, АКДСІ вакцинациясын алған. Екпеден 4 сағаттан кейін, бала мазасыз, бірнеше сағатқа созылған ащы айқай. Осы күні анасы балада тітіркенулермен шошынулар байқады, жеке бұлшық еттерінде тырысулар болды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы иммунологтың тұжырымында ең ықтимал?
Медициналық қызметкерден үнемі жасырынатын 20 жастағы науқас П. үйінде ауыр коматозды жағдайда табылды. Қарау кезінде: көгеру, гипотермия. Тыныс алуы беткей, аритмиялық (Чейн – Стокс тынысы). Иньекциялардан қалған көптеген іздер бар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс ЖСЖ минутына 52 рет. АҚ – 70/50 мм. сын.бағ. Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал диагноз?
23 жасар қыз бала, клиникаға бас ауруына, жүдеуге, жалпы әлсіздікке, жоғары шаршағыштыққа шағымданып түсті. Неврологиялық тексеруде: қитарланған қылилық, заттардың екі еселенуі, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Анамнезінен: бір жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Ликворда – лимфоцитарлы плеоцитоз, фибринді қабыршақ. Төмендегілердің қайсысын антибактериальды терапия ретінде енгізу керек?
Туберкулезді диспансерде ем алып жатқан 9 жасар бала жағдайының нашарлағанын байқаған. Жүрек айну мен құсу ұстамасы, бас ауруына, жедел әлсіздікке, жанына қарағанда екі еселеп көруіне шағымданды. Дене қызуы 37,8°. Объективті: санасы анық, тері жамылғылары бозғылт. Көз саңылауы S 25 жастағы науқас ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған жедел бел аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады, соның салдарынан жаза алмайды. Объективті: бел аймағындағы бұлышқеттердің қатаюы, сколиоз, бел лордозының тегістелуі байқалады. Бел аймағындағы қимыл жан-жақты шектелген. Сол жақты паравертебральды нүктелерде L4—L5 ауру сезімі анықталады. Ласег симптомы оң мәнді. Қандай препаратты тағайындау дұрыс?
Бөлімшеге 7 жасар бала дене қызуының 38-39 градусқа жоғарылауымен, катаральды көріністерге, бас ауруына, бас айналуына және бір ретті құсуға шағымданып қаралды. Анамнезінен: тәулік бойы ауырады, екі ретті сұйық нәжісті байқаған. Объективті: есі анық, уақыт пен кеңістікте өзін ұстай алады, жағдайы әлсіз нашарлаған. Керниг, Брудзинский симптомдары әлсіз айқындалған (жоғары және ортаңғы). Ликвор: мөлдір, түссіз, жиі тамшылармен ағады. Әлсіз плеоцитоз 300 кл в 1 мкл, лимфоцитарлы цитоз, белок әлсіз жоғарылаған 0,8 гл, қант және хлоридтер қалыпты. Қандай ем тактикасы ең ықтимал?
Науқас А. 85 жаста ауруханаға жеткізілді. Науқас стационарға жатқызылғаннан 1 күн бұрын АҚ – ң 180 /100 мм.сын.бағ. жоғарылау фонында дамыды, жүрісінің тұрақсыздығы пайда болды, келесі күні жұтудың бұзылыстары қосылды, оң қол-аяқтың ұюы. Объективті: бульбарлы және мишықтық синдром, оң жақтан гемигипестезия. Жалпы емдеу жоспарына қандай препаратты қосқан жөн?
Қант диабетімен ауыратын 70 жасар науқаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік, көздегі екі еселену, сол көз алмасының ішке және төменге қозғалысының жоғалуы дамыды. Ликворы – түссіз, қысымы – 180 мм.с. бағ., цитоз-5 лимфоцит. Төмендегілердің қайсысы ең тиімді ем болып табылады?
Бала 8 жаста, 1 сағат бойы ессіз қалыпта жатыр, куссмауля тынысы, бетінің гиперемиясы, терісі құрғақ, көз алмасы жұмысақ, аузынан ацетон иісі шығады. 3 апта бойы шөлдеу мазалаған, жиі кіші дәретке шығады. 1 кг-ға салмақ жоғалтқан. Төмендегілердің қайсысын енгізу керек?
52 жастағы науқас кенеттен есінен айырылды. Туыстарының айтуынша қант диабетімен ауырады, инсулинді тері астына қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, тер басқан, өкпесінде везикулярлы тыныс жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, ЖСС – 90 мин. АҚ 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры қабырға доғасы бойында. Төмендегілердің қайсысын енгізу керек?
Ашық иық жарақаты және ішке қан кетумен қосарған жарақат кезінде төменде көрсетілгендерден қайсы алгоритм жедел жәрдем дәрігерінің тиімді көмегі болып табылады?
Кеуде қуысына енген пышақ жарақаты мен қан кету кезінде төменде көрсетілгендерден қайсы алгоритм жедел жәрдем дәрігерінің тиімді көмегі болып табылады?
Көптік жарақат алған науқасқа көрсетілетін көмек төменде көрсетілгендерден жедел жәрдем дәрігерінің тиімді алгоритмі болып табылады?
Аналық бездің апоплексиясында түтіктің жарылуынан айырмашылығы әдетте қандай белгі болмайды?
Көрсетілген бедгілерден қайсы белгі асқазан-ішектен қан кетуге тән емес?
Науқас алкогольді ішкеннен кейін бірнеше рет құсады, соңғысы қызыл қанмен араласады. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
44 жастағы науқас оң қабырға доғасы асты және эпигастрий аймағында ауырсынуға және құсуға шағымданады. 3 күн ішінде алкоголь қабылдаған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі құрғақ, боз. Дене температурасы 38,6. Пульс 110 рет минутына. АҚҚ 80/40 мм.с.б. Өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс әлсіреген. Тілінде ақ жабынды бар, құрғақ. Кер, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
Диетаны бұзғаннан өткір ащы, қуырылған тағамдарды жеуден кейін науқаста мына белгілер пайда болды: омыртқаға таралатын эпигастрий тұсының ауруы, сілекейдің көбеюі, кекіру, жүрек айну, метеоризм, құсу жеңілдік әкелмеді. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
Науқас 40 жаста, кенет сырқаттанды, іштің, кіндік астындағы ұстамалы ауырсыну мазалайды. Жүрек айну, құсу. Бұл жағдайды мол майлы тағамдарды қабылдаумен байланыстырады. Объективті: Мейо-Робсон, Керте симптомдары оң. Үлкен дәреті тұрақсыз. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
30 жастағы науқас, ағаш ұстасы, 5 жыл бойы асқазан жарасымен ауырады, таңертең жұмыста эпигастрий аймағында кенет өткір ауырсыну пайда болды, бас айналу, әлсіздік, көздің қараюы, жүрек айнуы мазалайды. Терісі күрт бозарып, суық, жабысқақ тер пайда болды. ТАЖ 26 рет мин. жүрек соғу жиілігі 120 рет мин., толымы аз және кернеулі. АҚ 90/50 мм сын.бағ. Іші қатайған, кернеулі, қатты ауырсынады. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
25 жастағы жүкті әйел, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына шағымданады. Объективті: Сыртқы аран аздап ашылған. Бөліністер шамалы қанды. Қынапты тексеруде жатыр мойны қысқарған, жатыр кіндік деңгейінде, тонусы жоғары, жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Жүктілік мерзімін және асқынуды анықтауда төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
19 жасар жүкті әйел жүрек айнуға, 15 ретке дейін құсуға, әлсіздікке, дене қызуының 38 С көтерілуіне шағымданады. Жүктілік мерзімі 8-9 апта. Жағдайы ауыр. АҚҚ 120/80 мм.сн. бағ. бойынша, ЖСЖ 98 рет минутына, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. ЖҚА: гемогл. 119 г/л, ЭТЖ 12 мм/сағ. ЖЗА: ақуыз 0,033 г/п. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
Қабылдау бөліміне 25 жастағы науқаста анамнезінде киста мен жатыр қосалқыларының қабынуы анықталды. Жүрек айнуға, құсуға, іш кебуге және нәжісінің тежелуі, іштің төменгі жағында ұстама тәрізді ауырсыну шат аралық, жамбас, белге берілуіне шағымданады. Дене қызуы – 38 град. Пальпация кезінде іші қатайған және ауырсынады. (Щеткин - Блюмберг) симптомы (+). Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?
42 жастағы науқаста іш қуысында қан жиналу симптомы анықталды. Пальпаторлы алдыңғы іш қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы, ауырсынуы және іш пердесінің тітіркенуі симптомы анықталды (Щеткин - Блюмберг). Осы жағдайда қанаудың себебі не?
Физиологиялық босану кезінде қан жоғалту көлемі құрайды?
Аталған жауап ішінен жеңіл гипертензия симптомын тандаңыз:
Магнезиалді терапияны жүргізудегі жүктеме доза кандай болады?
Жүктіліктің 37 аптасы. Белінің ауруына, көбінесе оң жағынан оң жыныс еріндеріне ауырсынудың иррадиациясына шағымданады. Объективті: әйел тынымсыз ыңғайлы жәй таба алмайды. Соғу симптомы оң жақтан оң. Жалпы зәрі анализінде зәрдің меншікті салмағы=1040, лейкоциттер 5-6, белок жоқ, эпителийі 0-1. Эритроциты 18-19, тұздар ураты +++, бактериялар жоқ. Ең ықтимал диагноз қайсысы?
Жүкті әйел, 28 апталық жүктілігімен, қабылдау бөліміне зәр шығарудың жиілеуіне, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Жалпы карауда тері жамылғысының түсі қалыпты, ісік жок, соғу симптомы оң. Жалпы зәр анализінде: меншікті салмағы 1019, лейкоциттер көп, эритроциттер, белок жок, микроскопияда: көз аймағында эпителии, бактериялар+++. Жүргізу тактикасы кандай?
Жүкті әйел жүктіліктің 37 аптасында дәрігерге келіп қаралғанда қан қысымының жоғарылауы анықталды: АҚ 140/90 мм.сын.бағ.б., жалпы зәр анализінде - белок 0,35 г/л. Ең ықтимал диагноз қайсысы?
36 жастағы жүкті әйел жедел көмек көлігімен басының, эпигастрий аймағында ауруына, жатырдың қатаюына шағымданып алып келінді. Зәрінде белок -1,5 г/л, пульсі - 89 рет/мин., АҚ90/60, бетінде, ішінде, аяқтарында – ісік. Жатыр мөлшері жетілген жүктілікке сәйкес, жатыр тонусы айқын жоғары, кіндіктің тұсында жергілікті ауырсыну бар. Ұрық жүрек соғысы тұйық, 100 рет/мин. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
Жедел медициналық жәрдем фельдшері шақыртуға келді. Жүкті әйелде артериялық гипертензия аясында клоникалық-тоникалық құрысулармен эклампсия дамыды. Осы дәрі-дәрмектердің қайсысын көмек бағдарламасынан толығымен алып тастайсыз?
Эклампсиялық комада тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем дәрігері орындамауы керек
Жедел медициналық жәрдем бригадасын "бала ес-түссіз суға батып кетті"деген себеппен жеке секторға шақырды. Төменде аталғандардың қайсысы осы науқасқа қатысты тиімді әрекет болып табылады?
Жоғарыда айтылғандардың қайсысы күйік шокы кезінде жедел жәрдем дәрігерінің ең тиімді әрекеті болып табылады?
Жедел медициналық жәрдем бригадасын үйге шақыру. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші электр сымының жанынан табылған. Егер ток өткізгіш бөлігі (сым және т. б.) жерде болса, жеке қорғаныс құралдарынсыз электр жарақаты кезінде зардап шеккен адамға қалай жақындау керектігін көрсетіңіз:
3 жастағы бала кездейсоқ аяқтарына қайнаған сумен термиялық күйік алды. ЖМК дәрігері келіп, дене бөлігінің II дәрежелі, көлемі 10% -ды күйік анықтады. Термиялық күйіктерде реттілігі бойынша бірінші көмек көрсету қайсы әрекеттерді қамтиды?
39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп алды. Қарағанда: кеуденің, санның алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Есінің тежелуі байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. . Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?
Бала 7 жаста, күн ыстықта абайсызда ол теңіз суына сүңгіп кетті. 4-5 минуттан кейін cудан алынды, тері бозарған, өз бетімен тыныс алудың белгілері жоқ, ұйқы артериясында пульс жоқ.Төменде айтылғандардың қайсысы науқасты құтқаруда ең тиімді бірінші әрекет болып табылады?
25 жастағы ер адам электр жарақатын алды. Тексеру кезінде: ес-түссіз, АД - 65/30 мм сын.бағ. жыбыр аритмиясы, айқын ентігу. Төменде айтылғандардың қайсысы науқасқа көмектесуде ең қолайлы бірінші әрекет болып табылады?
Әйел киімдерді ағарту мақсатында қайнатты. Суға кір жуғыш зат пен ағартқыш қосылды. Ыдысты пештен алып тастағанда, ол абайсызда оны өзіне суды аударып, күйік алды. Дененің алдыңғы беті, білек және қолының сыртқы гиперемияланған, жараның беті ақшыл, ауырсыну сезімталдығы нашарлаған. Күйіктің дәрежесі мен ауданын анықтаңыз. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?
Жәбірленуші аяқтың ауырсынуына шағымданады, жүре алмайды. Аяқтың ауыруы және саусақтардың терісінің түсінің өзгеруі 2 күн бұрын батпақты жерлерге ұзақ жүрген кезде пайда болды. Жол бойындағы ауа температурасы +5 °С дейін болды. Тексеру кезінде: аяқтары мен саусақтарының дистальды бөліктері ісінген, көкшіл. Табан артерияларындағы пульс әлсіреген, тізе аты мен сан артериясында пульс толық бар. Келесі диагноздардың қайсысы ықтимал?