1. Науқастағы негізгі синдромдарды анықтаңыз



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі25,48 Kb.
#199513
  1   2
Байланысты:
бож нефро


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
«Проподевтика және ішкі аурулар»кафедрасы
БӨЖ
Тақырып:Созылмалы пиелонефрит

Орындаған:Алиханова Севара


Тобы:ЖМ-008
Қабылдаған:Мамутова А.Е

Түркістан 2023 жыл


Ситуациялық есеп

35 жастағы Аружан есімді науқас ауруханаға келесідей шағымдармен келіп түсті: дене температурасының 38 градусқа дейін жоғарылауына,бел аймағындағы ауырсынуға,жалпы әлсіздікке,жұмыс қабілетінің төмендеуіне,жиі-жиі дәретке бару.


Науқастың айтуы бойынша 4 жылдан бері базарда азық-түлік сатумен айналысады.Ауа-райының салқын күндері тұмаумен жиі ауырады және бел тұсында ауырсыну пайда болады.Науқас бел тұсындағы ауырсынуға мән бермеген. Ауру белгілері соңғы 5 күн ішінде дамып, науқастың мазасы қашқан.
Объективті қараған кезде науқастың жағдайы орташа ауырлықта.Тері түсі бозғылт, дене қызуы 38,5 градус. Аускультацияда өкпесінен анық визикулярлы дыбыс естіледі, сырылдар жоқ, ТАЖ 18 рет. Жүрек тондары айқын,ритм ырғақты.Жүректің соғу жиілігі 94 рет минуты.АҚҚ 140/85 мм.сын.бағ. Пальпацияда бүйректің проекциясында ауырсыну бар. Пастернацкий симптомы екі жақта оң мәнді.
Жалпы қан анализінде:HB-115 г/л,эр-4300/мкл,лейк-7,5*10^9/л,ЭТЖ-20мм/сағ.
Жалпы зәр анализінде: белок-0,66г/л,лейкоциттер-15 көру аймағында
Бактериология зерттеу нәтижесінде науқастың зәрінде ішек таяқшалары анықталды.


1.Науқастағы негізгі синдромдарды анықтаңыз.

  • Интоксикациялық синдром- дене температурасының 38,5градус болуыс әлсіздік, жұмыс қабілетінің төмендеуі.

  • Несептік синдром- лейкоцитурия,микропротеинурия, бактериурия

  • Ауырсыну синдромы- бел аймағындағы ауырсыну

  • Дизуриялық синдром-зәрдің жиі-жиі бөлінуі

2.Болжамды диагноз.
Созылмалы пиелонефрит
3.Қосымша тексеру жоспарыңыз.
Лабораториялық зерттеу

  • Жалпы қан анализі-лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы

  • Жалпы зәр анализі- лейкоцитурия,микропротеинурия, бактериурия

  • Қанның биохимиялық анализі

  • Несептік анализдер(Нечипоренко,Зимницкий,Аддис-Каковский,Амбурже)

Аспаптық зерттеу әдісі

  • Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі: пиелонефрит белгілері, бүйректің біркелкі емес контуры, пиелокалициальды жүйенің деформациясы, туа біткен бүйрек патологиясының болуы, бүйрек тамырларының доплерографиясымен - бүйректегі қан ағысы әртүрлі дәрежеде бұзылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет