Билет № 7 1. Нематодалардың дамуына биотикалық факторлардың әсері. Биотикалық факторлардың әсері.Нематодалардың табиғи жауларының ішінде Жыртқыш нематодалар мен жыртқыш саңырауқұлақтардың маңызы өте зор.Monghidae тұқымдасына жататын нематодалар тек жұмыр құрттармен қоректенеді . Олар құрбандықтарын өткір тістері арқылы нематода кутикуласын кесіп , соның ішіндегі заттарды сорып қоректенеді . Әр түрлі органикалық заттарға бай топырақтарда Harposporium туысына жататын жыртқыш саңырауқұлақтар жиі кездеседі . Олар сапробиот нематодаларды залалдайды . Жыртқыш саңырауқұлақ спорасымен қоректенген нематодалар ішінде мицелий дамып , нәтижесінде фитогельминттерді жояды .