3. Кеміргіштер отряды - Rodentia.
Кеміргіштер сүтқоректілер класының ерекше тобын қүрайды. Соңғы классификацияға сәйкес олар екі отрядқа - кеміргіштер мен қоянтәрізділерге бөлінеді. Қазақстанда кеміргіштер отрядының 15 түқымдасына енетін 82 түрі кездеседі, ал қоянтәрізділер отрядының 2 түқымдасы- на қояндар мен шақылдақтар жататын өкілдер мекендеиді.
Кеміргіштер дене түрқы жағынан алғанда шағын сүтқоректілерге жататын жануарлар. Олардың ең кішкентайы - салмағы 5 г тартатын малютка тышканы, ал үлкені - үзындығы 1 м, салмағы 30 кг - қүндыз.
Бүл екі отрядқа жататын жануарлардың күрек тістері жақсы дамыған. Күрек тістерінің тамыры болмайды да, олар үнемі өсіп отырады. Кеміргіштерде жыртқыш тістер болмайды. Күрек тістер мен азу тістер ортасындағы бос жерді диастема дейді.Кеміргіштердің өздеріне тән арнайы морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бар.Тері жамылғысы және оның туындылары. Тері үш қабаттан түрады - сыртқы (эпидермис), негізгі тері (дерма) және тері астындағы май клетчат- касы.Терінің кеміргіш омірі үшін маңызы зор. Бүларға жүндер, тырнақтар, тері, май, сүт бездері және қүйрықтағы әр түрлі мүйіз тәрізді қабыршақтар мен инелер жатады.Кеміргіштер терісінің сыртқы қабатына жүн оскен. Олар негізінде үш түрге болінеді - қылшық (үзын және жуан)г мамық немесе түбіт (қысқа және нәзік түк) және ортаңғысы - жүн.Кеміргіш түрлерінің барлығында да азды-кемді сезімтал қылшықтар - вибристар бар. Олар үзындау және қаттылау болып келеді.Жер астында тіршілік ететін кеміргіштердің тырнақтары жақсы дамыған. Олар тырнақтары арқылы індерін қазады.Кеміргіштердің сүт бездері жақсы дамыган, олардың саны 6 жүптан 12 жүпқа дейін жэне кейде одан да коп болады.Бүлшық ет жүйесі. Бүлшық ет жүйесіне бүлшық ет үлгіалары, сіңірлер мен комекші қызмет атқаратын үлпа әскіндері жатады.Ac қорыту органдары. Кеміргіштердің ас қорыту жүйесі, басқа сүтқоректілер сияқты, томендегі болімдерден: ауыз қуысынан, оңештен, асқазаннан, аш ішектен, жіңішке ішектен, соқыр ішектен, тоқ ішектен және тік ішектен түрады.Тыныс алу органдары. Басқа сүтқоректілер сияқты, кеміргіштер окпемен тыныс алады, ал окпе жүрекпен қатар кокірек қуысында орналасқан. Олар қан тамырымен толық қамтамасыз етілген элестатикалық үлпадан қүрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |