Билет №7 Нематодалардың дамуына биотикалық факторлардың әсері


Кенелер дамуындағы диапаузаның міндеті



бет6/8
Дата27.04.2022
өлшемі19,68 Kb.
#140932
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-8 билет

2. Кенелер дамуындағы диапаузаның міндеті.
Кенелердің және басқа омыртқасыз жануарлардың осындай терең физиологиялық тыныштық қалпында болуын диапауза деп атайды.Диапауза тек қолайсыз кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін тіршілік циклінің пассивті элементі ғана болып саналмайды. Сонымен қатар ол белгілі бір зонада түрдің жылдық циклінің тұрақтылығын және өсімдік қоректі кененің фенологиясының тұрақтылығын және жергілікті климат жағдайымен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Сондықтан,диапауза тіршілік циклінің өте маңызды элементі болып саналады. Кәдімгі қозғалыссыз күймен ұйқыға кетуден диапаузаның айырмашылығы,ол сыртқы ортамен әрдайым күрделі байланыста
болады.Көбінесе,диапауза қолайсыз жағдай болар алдында басталып,ол біткеннен соң аяқталады. Г.Я. Бей-Биенконың айтуы бойынша, сыртқы орта тіршілік циклі мен диапаузаға программа құрып береді де, организмнің жүйке және эндокринді жүйелерін жұмыска қосып, физиологиялық процестерді атқарады.Диапаузаға кетер алдыңда кенелердің физиологиялық дайындығы іске асады, ал эмбрионалды диапаузада үрыктык дамуы тоқталады. Кейбір түрлердің күн сәулесіне қарым-катынасы өзгереді, диапаузага кететін кәдімгі өрмекші мен долана кенелерінің үрғашылары қыстауға паналайтын жерге көшеді.Диапаузадағы организмде заттар алмасуы баяу жүреді.Кенелердің тіршілік циклінде міндетті және факультативті дианауза болады. Міндетгі немесе облигаттық диапауза моновольтиндік түрлерге тән. Осыған байланысты кене жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Диапаузанын осы түрінің болуы сыртқы ортаға байланысты емес, ол тұқым қуалау нәтижесінде қалыптасады Міндетті диапауза бриобидии түкымдасына жататын кейбір моно - вольтиндік түрлерде де байқалады.Факультативті немесе ерікті диапауза поливольтинді түрлерге тән. Вегетациялық кезеңнің жағдайлары немесе кейін қөректену ерекшеліктері екі немесе одан да көп үрпақгың дамуына мүмкіншілік туғызса, онда моновольтиндік даму тиімсіз болады да» түрдің дамуына шек койылады. Мұндай жағдайларда пайда болуы мен аяқталуы сыртқы жагдайлардың бақылауында болатын факультативті диапаузасы бар поливолътиндік даму қалыптасады. Сондықтан дамудың бүл түрі кенелердің арасында жиі кездеседі, Ондай түрлердің бірнеше ұрпақтары диапаузасыз дамиалады, Қолайсыз жағдай сезе бастаған кезде сыртқы сигналдардың біреуінің әсерінен кенелер дамуын біраз өзгертіп, қолайсыз і сзеңнен аман-есен оту үшін физиологиялық дайындыққа көшеді.Қолайсыз жағдайлардың жақындап қалғандығы туралы хабар беру қызметін атқаратын факторларға күн ұзақтығының өзгеруі, коршаған орта температурасының төмендеуі және қөректік заттардың сапасының нашарлауы жатады. Осы факторлардың ішінде күңнің түрақтылыгы және
астрономиялық дәлдігі жағынан ең сенімдісі фотопериодтық киын кезең. Күң ұзақтығының өзгеруі, яғни оның өзгеруінен пайда болған реакцияны фотопериодтық қыин кезеңдік реакция деп атайды.Диапаузаның бірнеше түрлері бар. Көбінесе ол күз және қыс айларыңда болады. Оны қысқы диапауза деп атайды. Жазғы маусым ыстық және күрғақ болатын аймақта жаздық диапауза, немесе активация байқалады. Біздің ойымызша, жаздык диапауза кәдімгі өрмекші кенені депрессияға ұшыратады. Сондықтан, бұл кенеге физиологиялық тыныштықтың қыстық және жаздық 2 түрі тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет