Тақырыбы: Материктер мен аралдар
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Аралдар мен материктердің ара жігін ажырата білуге,шығу тегіне,табиғат
ерекшеліктеріне қарай топтастыруға үйрету.
дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту,оқыту барысында әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын
арттыра отырып,еркін сөйлеуге дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелік: Отанын сүюге,табиғатты қорғай, аялай білуге үйрету.
Сабақтың түрі:бақылау білімі және жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:баяндау, кестені толтыру,іздену,сұрақ-жауап,сәйкестендіру тесті,
трек сызба,кескін картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Д.ж.физикалық және жарты шар карталары;кесте,кескін карта,
электронды оқулық.
Күтілетін нәтиже:оқушылардың материктер мен аралдардың ара жігін ажырата алуы,
картадан жер бедерінің нысандарын нақты анықтап, көрсете білуі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
«Жақсы сөз,жарым ырыс »
II.Үй тапсырмасын тексеру. 1 слайд
§15 Жердің ішкі құрылысы.
а)Өз өзіңді тексер! (Берілген сызба бойынша жердің ішкі құрылысын топтап беру.)
3
2
1-
1
2-
3-
ә) «Сұрақ менен,жауап сізден.» Оқушыларға 10 сұрақ. 2 слайд
1.Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау неше шақырымға дейін барады?
2.Жердің осіне дейін неше шақырым?
3.Матариктік жер қыртысының қалыңдығы қанша шақырым?
4.Таулы аудандарда олардың қалыңдығы ше?
5.Мантия шамамен неше шақырым тереңдікке барады?
6.Жер қыртысының жоғарғы қабаты қандай жыныстардан тұрады?
7.Ядродағы температура неше градусқа дейін жетеді?
8.Мұхиттар жер шарының қанша шақырымын алып жатыр?
9.Қазақстанның қай аймақтарында жер сілкінісі көп болады?
10.Цунами дегеніміз не?
3
3б)
III.Жаңа сабақ.
Ой қозғау әдісі. §16 Материктер мен аралдар
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.»
(Мақалдың мағанасын аша отырып, жаңа сабаққа көшу.)
Жаңа сабақ жоспары:
1.Ең ірі рельеф формалары.
2.Шығу тегіне қарай аралдардың орналасуы.
3.Материктердің табиғат ерекшеліктеріне қарай түрлілігі.
Рельеф 3 слайд
жазытар таулар үстірттер мұхиттар
Ең ірі рельефтер 4 слайд
Материктік құрлық Мұхиттық ойыстар
жерлер
«Білмегенге арзан, білгенге маржан » (мұғалімнің сөзі)
Жер бедері ойлы-қырлы болып келгендіктен біркелкі емес.Осындай біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығын рельеф дейміз. Ең ірі рельеф формалары- материктік құрлық жерлер мен мұхиттық ойыстар.Олардың жер қыртысы құрылымына қарай әр түрлі болады.
Ғалымдардың ойынша бірінші болып мұхиттық қыртыс пайда болған.Одан кейін ішкі процестердің әрекетінен таулы жерлер, шөгінді және гранитті қабаттардан материктік құрлық пайда болған.Сондықтан да материктік қыртыс, мұхиттық қыртысқа қарағанда қалыңырақ және қабаттары да күрделірек. Мұхит табанының бедері де әр түрлі болып келуінен құрлықтан қалыспайды.Ол жерде де жазықтар,ойыстар және таулы жоталар кездеседі.Жарты шарлар картасына қарасаңдар құрлық солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда екі есе көп.
2. АРАЛДАР 5 слайд
МАТЕРИКТІК ЖАНАРТАУЛЫҚ МАРЖАНДЫҚ АРХИПЕЛАГ
Материкке жақын, Мұхиттардың қозғал- Тірі ағзалардың Шығу тегі бір-бұғаз арқылы бөлінеді. малы бөліктерінде әсерінен судың текті болып
Олар-жер қыртысында- жанартаудың әсерінен беткі температурасы топтасып жатады
ғы қозғалыстар әсерінен пайда болған. +250С-тан жоғары Әсіресе Тынық
құрлықтың кейіннен аймақтарында болады мұхитындағы
бөлініп қалған бөліктері, саны 7000-нан
көбінесе ауданы ауқымды артық.
келеді
Гренландия, Исландия, Гавай, Үлкен Аустрия Канадының Багам,Канар, Азор Тосқауыл рифі, Арктикалық
Мадагаскар,Британ маржан теңізінің архипелагы,
аралдары т.б. аралдары Багам,Маршалл,
Мальдив.
3.Материктер-табиғат жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленетін табиғи кешен.
Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн км2-ге тең.Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген.
Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км2 немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-келеді.Қазіргі кездегі материктер-табиғат жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.Мысалы: Еуразия-ауданы ең үлкен материк,Африка ең ыстық т.б.Материктердің және онда орналасқан елдердің атаулары-тарихи ашылуына,географиялық орнына,халықтардың атымен және сол жерді бірінші болып ашқан адамдардың есіміне байланысты қойылған.
Кестені толтыр.
Құрлықтардың аты
|
Ерекшелітері
|
Қандай жарты шарда орналасқан
|
Қандай мұхит суларымен қоршалған
|
1.Еуразия
2.Африка
3.Солтүтік Америка
4.Оңтүстік Америка
5.Антарктида
6.Аустралия
|
|
|
|
IY.Жаңа сабақты бекіту.
а)Кескін картамен жұмыс.Материктерді,олардың атауын,ауданы жағынан үлкен аралдарды,архипелаг аралдарды белгілеу.
ә) «Артық болмас білгенің.» ЕҢ,ЕҢ,ЕҢ ...
Әлемдегі ең ірі ескек аяқты сүтқоректілер-морж.
Әлемдегі ең ірі жыртқыш-ақ аю(Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен аралында)
Жер бетіндегі ең алып құс-африкалық түйе құс.
Ең жүйрік сүтқоректі-геопард.
Жер бетіндегі ең салмағы ауыр құс-казуар.
Әлемдегі ең әсем құс-жұмақ құсы(Жаңа Гвинея мен басқа аралдарды мекендейді.)
Ең дөрекі қалталы аң-Солтүстік Америка оппосумы
Әлемдегі құстардың ішіндегі ең ұсағы-колибр.
Біздің планетамыздағы ең ірі жануар-көк кит.
б) «Әріптердің сырын аш» ойыны.
г) «Сәйкестендіру» тесті.
Антарктида Маршалл
Калимантан материк Аустралия
Гавай архипелаг Гренландия
Бафин жері маржан арал-ы Мальдив
Африка материктік ар-р Үлкен Аустрия
Тосқауыл рифі
Y. Қорытынды.
Рефлексия.
. Мен үшін жаңа ақпарат.
. Мені таң қалдырды.
. Қай материкке саяхат жасағыларың келеді? Себебі?
YI.Үйге тапсырма: §16 Материктер мен аралдар.Кескін картамен жұмысты аяқтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау, 45-бет.
YII.Оқушыларды бағалау
Оқулық
1.Б.Әбдіманапов,А.Прищепина,Л.Фокина,А.Әбілғазиев
Ж31 Жаратылыстану;5-сынып.-Алматы:Атамұра,2010
Достарыңызбен бөлісу: |