Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 2 - ші қарашада қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересі Ыбырайды 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімші, орындардаға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, білмін жетілдірді.