мұндағы Uбж – жүктемесі ажыратылған энергия көзінің қысқыштарындағы (зажим) кернеу;
- энергия көзінің ішкі кедергісі.
Теңдеудегі ЭҚК көзінің тізбектелген орын басу сұлбасын құруға мүмкіндік береді (а сурет). Бұл мүмкіндік Е символымен ЭҚК – нің идеал көзі деп аталатын элемент белгіленген. Бұл элементтің қысқыштарындағы кернеу
энергия көзінің тогына тәуелді емес, сәйкесінше, оған ,б суретте көрсетілген ВАС сәйкес келеді. (1.1) негізінде мұндай энергия көзінің ішкі кедергісі .
ЭҚК көзінің тізбектелген сұлбасы
Сонымен қатар ток көзінің орынбасу сұлбасы орындалады. Бұны анықтау үшін (1.1) теңдеудің оң және сол жақтарын R қатынасына бөлеміз. Нәтижесінде келесідегі теңдікті аламыз.
Қорытынды
Қазіргі қоғамда ақпараттың басым бөлігі электр сигналдары арқылы әртүрлі жүйелердегі радиотехникалық құралдардың көмегімен таралады. Сондықтан байланыс жүйелері адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Соңғы жылдары талшықты оптикалық байланыс жүйелерін ғана емес, сондай-ақ радиобайланыс жүйелері де қарқынды дамып келеді. Жерсеріктік радиобайланыс жүйелерінен басқа, жылжымалы цифрлық ұялы радиобайланыс желілері де дами түсті.
Соңғы уақыттағы байланыс жүйелрінің жобалары қазіргі технологияның мүмкіндіктерінен басқа таратылатын ақпараттың көлемін ғана емес, сондай-ақ таратылатын хабарлардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі байланыс теориясының жетістіктеріне пайдаланады.