Кернеу көздері немесе ток көздері, сондай – ақ кернеу немесе ток тармақтың біреуімен басқа кернеу немесе токқа тәуелсіз болса, онда тәуелсіз деп айтады. Электр энергия қорек көздерінің қасиеті қорек көздердің ішкі сипаттамасы бойынша U(I) вольт – амперлік сипаттамамен анықталады (ВАС). Бұл бөлімде тұрақты кернеу (ток) көздерінің математикалық жазылуын және безендіруін қарастырады.
Жалпы жағдайда энергия көзінің вольт – амперлік сипаттамасы (ВАС) сызықсыз болып келеді (б суретіндегі 1 қисық). Ол қисықтың екі сипатты нҥктелері бар: а – бос жҥріс ережесіне (I=0: U=Uбж), б – қысқа тҧйықталу ережесіне (U=0; I=Iқт) сәйкес.