Электр тізбектерінің негізгі түсініктерімен таныстыру.
Негізгі ұғым
Электротехникалық қҧрылғыларда өтетін электромагниттік процестер әдетте кҥрделі болады. Бірақ та көп жағдайларда олардың негізгі сипаттамаларын кернеу, ток, ЭҚК сияқты интегралдық шамалармен жазуға болады. Электр энергиясын ӛндіруге, беруге, таратуға және тҥрлендіруге арналған электр энергиясының кӛздері мен қабылдағыштардан тұратын электротехникалық қҧрылғылардың жиынтығын электр тізбегі деп қарастырады. Электр энергиясын өндіретін электротехникалық құрылғыларды өндіргіштер немесе электр энергиясының кӛздері деп атайды, ал оны пайдаланатын қҧрылғыларды электр энергиясын қабылдағыштар деп атайды. Электр тізбегінің барлық элементтерін шартты тҥрде активті және пассивті деп бӛлуге болады. Активті элемент деп құрамында электр энергиясының көзі бар элементті атайды. Пассивті элементтерге олардың ішінде энергия таралатын (резисторлар) немесе жиналатын (индуктивтілік орама және конденсаторлар) элементтер жатады. Егер элементтер сызықты дифференциалды немесе алгебралық теңдеулермен сипатталса, онда олар сызықты элементтер деп аталады, ал қалған жағдайларда олар сызықсыз