Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық жағдайында көп қалдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтатын тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б.
Педагогикалық тұрғыдан ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл кемшіліктер ұйымдастыру түрінің нашарлығына жатады. Толық дұрыс өткізілген дене тәрбиесі сабағының жалпы тығыздығы 100% болуы керек, сондықтан да уақытты тиімді пайдаланған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |