1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары



бет37/54
Дата12.09.2024
өлшемі152,03 Kb.
#204212
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
жастарга дш

Қорытынды бөлім. Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушы ағзасының функционалдық белсенділігі біртіндеп төмендейді, келесі теориялық сабаққа дайын жайбарақат күйге әкелінеді. Қорытынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі және ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы ойындар т.б.
Сабақты қорытындылау, талдау, баға қою, снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты әрекеттер оқушыларды тыныштандырады, ағзаның қалпына келуіне септігін тигізеді. Бұл бөлімде сабақ қорытындыланады, баға қойылады, оқушылардың қимыл белсенділігін арттыратын, негізгі жаттығулар техникасын жетілдіруге көмектесетін үй тапсырмалары беріледі. Қорытынды бөлімге 3-5 уақыт бөлінеді.
Үй тапсырмасы. Мектептегі жетісіне үш рет өткізілетін дене тәрбиесі сабағына қосымша, оқу материалдарын көбірек меңгеру үшін, оқушыларға үй тапсырмаларын беруге, бақылау, баға қоюға өте керекті жұмыс ретінде қарау керек. Үй тапсырмасын орындау арқылы оқушы өз бетімен дене тәрбиесі жаттығуларын меңгеруді, жетілдіруді үйренеді, ал ол оның келешек өмірінде маңызы зор.
Үй тапсырмаларына, көбінесе, дене тәрбиесі сабағында үйренген спорт түрлерінің негізгі, дайындық, жетекші жаттығуларын қайталау, қимыл шеберлігін жетілдіру мен дене қасиеттерін тәрбиелеу жаттығулары беріледі. Сабақта берілген теориялық мәліметтерді қайталау, қосымша әдебиеттер оқу арқылы білімін тереңдету тапсырмасы да үйде орындалады.
Үйге берілетін тапсырмалар түсінікті, қарапайым, қауіпсіз, еркін орындалатын жаттығулар түрінде болады. Мұғалім әрбір үй тапсырмасын алдын ала ойластырып, жоспар жасап, дайындалып барып береді. Ол жаттығулар сабақ кезінде орындалып жатқан кезде ұсынылып, сабақ соңында қорытынды бөлімде, тағы да қайталанып айтылып, үй тапсырмасы ретінде беріледі. Үй тапсырмасын оқушылар айқын түсінуі үшін тапсырма толық, нақты түсіндіріле айтылуы, жаттығу техникасы жақсы деңгейде көрсетілуі тиіс. Үй тапсырмасының орындалуын мұғалім қадағалағанда, тексергенде, оған баға қойғанда ғана оқушы жауапкершілікті сезіне бастайды. Басқа пәндердегі үйге берілген тапсырмаларға дайындалғаны секілді оқушы дене тәрбиесінен берілген үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазуы, үйде уақыт бөліп орындауы керек. Үй тапсырмаларына байланысты мәселелер ата-аналар жиналысында түсіндіріліп, оларға маңыздылығы, қадағалау жолдары айтылады. Осындай көптеген шаралар орындалып, үй тапсырмасын орындау, бақылау дұрыс шешімін тапқанда ғана ол дене тәрбиесі сабақтарының оқу үлгеріміне пайдасын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет