1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары



бет19/71
Дата14.12.2021
өлшемі195,75 Kb.
#126350
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
Байланысты:
обзор-лек-каз- (1)

Қимыл-әрекетті жетілдіру кезеңі

Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл-әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық танытады (жаттығуды басқа спорт залда орындау, көрермендер әсері, әр түрлі ауа райы жағдайлары т.б.). Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетіледі, жеке қозғалыстар біртұтас қимыл-әрекетке айналады. Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу үрдісі қатар жүреді. Қимыл анализаторларының мәні артады, өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рөл атқарады. Көру анализаторларының қызметі қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелілігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады. Жаттығуды дұрыс қайталау үйрету міндетіне, оқу материалының күрделілігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты.

Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады: созылмалы – көптеген сабақтарға бөле қайталау; түйінді – қысқа мерзімде бір немесе бірнеше сабақта қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет