Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(85), 2021
58
ҒТАХР 14.35.09.
DOI:
10.52512/2306-5079-2021-85-1-58-66
МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Б.Р. Қасқатаева
1
, А.Б. Кокажаева
2*
, Ж. Қазыбек
3
1
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы,
Қазақстан
2,3
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
e-mail*:
kokazaeamangul@gmail.com
Қазір мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі қоғам деңгейінде өзекті.
Осыған байланысты болашақ математика мұғалімінің кәсіби дайындық деңгейіне жаңа талаптар қойылып отыр.
Авторлар мақалада болашақ математика мұғалімдерін оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға
дайындау мәселесін қарастырған. Ғалымдардың мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамытуға арналған еңбектері зерделенген және «модель», «математикалық модельдеу»
ұғымдарына
түсініктеме берілген.
Сонымен қатар
жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту процесінде
математикалық модельдеу әдісінің ерекшелігі нақтыланып, модельдеу әдісін
қолданудың педагогикалық
жағдайлары анықталған. Математикалық модельдеу қолданбалы есептерді шешудің құралы ғана емес, сонымен
қатар оқушы меңгеруге тиіс интеллектуалды дағдыларды дамыту тәсілі болып табылатыны көрсетілген.
Түйін сөздер
: математикалық сауаттылық, модель, математикалық модельдеу, педагогикалық
университет,
мектеп.
Кіріспе
Қазіргі қоғамға кәсіби қызметте өзінің мүмкіндіктерін барынша іске асыра алатын, сол арқылы
қоғамға пайда әкелетін, елдің дамуына ықпал ететін азаматтар қажет. Осыған орай болашақ
математика мұғалімінің кәсіби дайындық деңгейіне жаңа талаптар қойылып отыр.
Математикалық
білім беруді дамыту тұжырымдамасында математика жалпы мәдениеттің, функционалдық
сауаттылықтың және күнделікті қолданудың элементі ретінде әрекет ететіндігі атап көрсетілген. Бұл
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қоғам деңгейінде
дамыту мәселесінің
өзектілігін түсіндіреді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында: «оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге
оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс» деп атап көрсетілген [1].
Осы мақсаттарға жету үшін мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді және іске асыру үшін
қабылданды. Оған нормативтік, оқу-әдістемелік, ақпараттық салалардағы, мұғалімдерді даярлау мен
біліктілігін арттыру жүйелеріндегі және т.б шаралар кешені кіреді [2].