Бастауыш сыныптарда математикалық функционалдық сауаттылықтарын дамыту
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы
«Алақан» жаттығуы
Парақшаларға
алақандарыңызды қойып,
суретін сызып алып, шыққан
алақанның бейнесіндегі әр саусақ
ішіне «Бүгінгі семинардан мен
не үйренемін (не күтемін)?»
сұрағына 2-3 минутта
жауап жазыңыздар.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Ұлттық жоспарда Қазақстан мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалды.