«Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
математика пәні мұғалімі Тынышбекова Ақбота Саматқызы
Математика пәнінде жаңартылған бағдарлама бойынша тиімді оқу тәсілдері
Мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама, жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқушылардың толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін,АКТны қолдану, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.
Оқушыға оқу материалдарының негіздерін өз бетімен зерттеуге мүмкіндік берсе, олар өте жақсы оқитын болады. Питер Клайн Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің бір еңбегінде «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен.
Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін – білім саласы. Соңғы 10 – 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:
ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);
ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.
Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту.