1–топқа тапсырма: Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 2–топқа тапсырма: Функционалды сауатты тұлға дегеніміз кім? 3–топқа тапсырма: Функционалды сауатты тұлғаның негізгі белгілерін айтыңыз. Функционалдық сауаттылық дегеніміз - жеке тұлғаның әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |