физика 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдық.
Сабақ мақсаты: а) сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі,өзін-өзі басқаруына ықпал ету
ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып ой-өрістерін
дамыту
б) Оқушылардың сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар центрге
тартқыш үдеу тақырыбын игеру барысында алған білімдерін тереңдету.
Көрнекілігі: Жүйелі білім «жедел пойызының жол схемасы» тайқазан» суреті. Негізгі ұғымды бекіту.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: Саяхат сабақ топтап оқыту әдістемесі.
Сабақ барысы: 1: Ұйымдастыру
2: Үй жұмысын тексеру.
§7 сұрау.
3: Жаңа сабақ.
Механикада бұрылу бұрышын радионмен өлшеу келісілген.
Радиан- lдоғасының ұзындығы R радиусқа тең болатын φ центрлік бұрыш.
Бұрылу бұрышының уақыт өтумен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.
Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы φ рпімен белгіленеді.
Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы.
ɷ=φ/t Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы
[ɷ]=1рад/1с=1 рад/с
Шеңбер бойымен толық бір айналым 2П радианды құрайды. Нүктенің толық бір айналым кезіндегі уақыт t=T болғандықтан бұрыштық жылдамдықты мына өрнектермен де анықтауға болады.
ɷ=φ/t=2π/Τ=2πν
υ=ɷR Сызықтық жылдамдық
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус боиымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтанда оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.
ац.т. = υ2 /R
4 «Жүйелі білім» пойыздары
Балалар осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүиелі білім пайызына мініп, сонау қасиетті Түркістан шахарына қарай саяхат жасайық. Ондағы Қожа Ахмет Иассауй кесенесіне барып Тайқазаннан өз үлесімізді алып қайтайық.
Тарихи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Президенттің 2003 жылғы айындағы жолдауында айтылған.Осыған байланысты үкімет мәдени мұра бағдарламасын қабылдап оған 3 млрд теңге ақша бөлді. Енді біз бүгінгі сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып өз үлесімізді қосайық.
Сыныпты А және Б топтары екі пойыз Жүйелі білім жедел пойыздары. Қай пойыз мәреге бұрын жетеді.
А пойызының контролері тексерушісі
Б пойызының контролері тексерушісі
Ал осы тексерушілердің білімін темір жол торабының бастығы мен бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |