І бекет. Қазалыдағы көне Жанкент қаласы. Бұл ертедегі үлкен мәдени орталық сипатына лайықты қала болған. Ендеше бұл көне Жанкент қаласындағы тапсырма тест
І бекет. Қазалыдағы көне Жанкент қаласы. Бұл ертедегі үлкен мәдени орталық сипатына лайықты қала болған. Ендеше бұл көне Жанкент қаласындағы тапсырма тест түрінде болады.
ІІ бекет. Қармақшыдағы Қорқыт ата ескерткіші. Қорқыт атақты қобыздан күңіреткен күйші болған. Бұл станциядағы тапсырма есептер шешу. Бұл тапсырманы контролер – тексерушілер орындайды.
А тобына 6-жаттығу №4 есеп
В тобына 6-жаттығу №5 есеп
ІІІ бекет. Шиелідегі Оқшы ата мазары. Бұл күмбезді ескерткіштердің бірі болған. Ендеше бұл бекеттегі тапсырма формулалар сайысы. Өткен тақырыптар бойынша формулалар жазу.
ІҮ бекет. Соңғы бекет бұл «кіші Мекке» аталған Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Бұл кесенені тұрғызуға бұйрық берген Әмір Темір. Қазір көптеген адамдар онда барып, «Тайқазанды» көріп, саяхат жасайды. Ал біздер бұл жерден сабағымызды бекітіп, сұрақтарға жауап береміз.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесiндегi Әмiр Темiр заманынан қалған құнды жәдiгерлердiң бiрi – Тайқазан. Жетi түрлi асыл металдың қоспасынан жасалған қазанның салмағы 2 тонна. Кезiнде оған жұма күндерi 3 мың литр су құйылып, жұма намаздан кейiн жамағат шипалы суды iшiп тарқайтын болған. Бұл туралы белгiлi шығыстанушы М.Массонның еңбектерiнде кеңiнен баяндалады.
Зерттеушiлердiң ендi бiрi: «Алып қазан атауына жалғанған «Тай» сөзi моңғол халықтарының тiлiнен аударғанда «жылқы» деген мағынаны бiлдiредi. Қазан жасау мақсатында ерiтiлген металдың қалыпқа дұрыс құйылуы үшiн дiрiл қажет болғанда, шеберлер үйiр-үйiр жылқылардың дүбiрiн пайдаланған. Қазанның «Тайқазан» аталуы сондықтан», — дейдi.
Құрбандық шалу рәсiмiнде бүкiл қауымға арнап ас пiсiрiлген қазанның сыртындағы жазбалар да сырға толы. Оны археологтар бiрнеше бөлiкке бөлiп қарастырған. Мәселен, қазанның жоғарғы жағындағы бiрiншi қатарда таңбаланған Құранның Тәубе сүресi мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадисiнен оның суға арналған ыдыс екенiн аңғаруға болады. Мұнда адамдардың дiнi мен ұлтына қарамай бiр-бiрiне мейiрiмдi, жанашыр болуы керектiгi де айтылады.
Екiншi қатарда, қазанды жасаған шебердiң есiмi «Құдайдың қамқорлығына үмiт артқан Әбдiл Әзиз Шарафутдин Тебризи» деп өрнектелiп басылып, парсы тiлiнде тiлектер жазылған. Үшiншi қатарда «куфи» жазу үлгiсiмен жиырма екi рет қайталанып «Байқаңдар. Бүкiл жаратылыстың иесi Алла!» делiнген.
Қазанның бүйiр бөлiгiнде жүрек пiшiнiне ұқсас «құлақшалар» iлiнiп, олар қошқар мүйiздi оюлармен безендiрiлген. Композицияда орта ғасырлық бұйымдардың құйылу технологиясына тән тақырыптық, идеялық, символдық бiртұтастық бар. Өмiрiн сопылық iлiмдi таратуға арнаған Қожа Ахмет Ясауи iлiмiнен нәр алған шеберлердiң туындыларында барынша мұсылмандық дiн мен дәстүрдi насихаттауға тырысқандығы байқалады.
Ұсталардың асқан шеберлiгi, қажыр-қайратымен қатар, үлкен жұмыс күшiн қажет еткен туынды 1935 жылы Санкт-Петербургтегi Эрмитажға алынады. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы тарихи отанына қайтарылған. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына — өткен ғасырда болған оқиғалар мен аңыз әпсаналардың заттай айғағы. Береке мен бiрлiктiң, молшылықтың нышаны болған қазанның ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала берерi анық.
Төрт бекеттен өткен соң «Тайқазандағы» бізді асықтырған өнегелі сөзді оқып, сол топ бүгінгі өткен сабақта жеңіске жетіп «өте жақсы» деген баға алады.
Үй тапсырмасы: п.7 оқу,сұрақтарға жауап беру.1.4 жаттығу №2 есеп шығару