Реферат Тақырыбы: Ұлттық ойындардың рөлі мен мәні Орындаған : Кабасинова. Г. Ж тексерген : Рахметова. А.Қ Орал 2020



бет1/4
Дата17.05.2020
өлшемі24.02 Kb.
түріРеферат
  1   2   3   4

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Реферат

Тақырыбы:Ұлттық ойындардың рөлі мен мәні

Орындаған:Кабасинова.Г.Ж

Тексерген:Рахметова.А.Қ

Орал 2020

Жоспар:

1. Ұлттық ойындардың рөлі мен мәні

2. Балабақшада ұлттық ойындардың қолдану жүйелері

3. Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі қызмет

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, тәрбиелейтін негізі іс-әрекет- ойын. Ойын арқылы балалар ұйымшылдыққа үйренеді. Қазақ халқы балалардың дені сау болып қалыптасуына көп көңіл бөле білген. Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы ғылыми тұрғыдан ғалымдар көп ізденген. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістері педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттеген этнограф, педагог-ғалым Әбубәкір Диваев өзінің «Қазақ балаларын қалай жұбатады», - деген мақаласында қазақтың бауырмалдылығын сипаттай келіп, «бала бас бармағын көтеріп, оған пайғамбарымыз не дейді деп, көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - десе, «Бес саусақ» ойынымен саусақ атауларын алға тартады. Саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелей  шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығын сөз етеді .

Қазақтың белгілі ғалым-ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудің тәрбиелік мәнін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдаған.  Ұлтымызды ұлықтайтын тұрмыс-салтының өзі - дене тәрбиесіне негізделген. Бесікке салудан бастап, баланы шомылдыру, маймен сылау, тұсау кесу рәсімі, атқа мінгізу, ұлттық ойындарға араластыру - баланы жастайынан шынықтыру, моральдық-рухани нығайту, темірдей тәртіпке үйрету, ерік-жігерді дамытуға тәрбиелейді. Ата-бабамыздан қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық ойындарды дене тәрбиесіне енгізу баланың күш-жігерінің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ дене құрылысы икемделеді, сымбатты, қырағы, алғыр, өмірдің барлық қиыншылығына төзімді азамат болып қалыптасады.

«Денсаулық - зор байлық», - дейді дана халқымыз. Өзін іргелі ел санаған халық әдеп-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін қадірлей біліп, жас ұрпақтың бойына дарыту қажет. Ел арасында көп тараған ойын түрлерін баланың жас ерекшелігіне сай саралап, рухани талап-тілектеріне сәйкес бағыттауымыз керек. Ең басты міндет - ұлттық ойынның өзіндік құндылығын жоғалтпай, ойынды мазмұнды ұйымдастыруға жағдай жасау, тәрбиеге де, ой-санаға да лайықты етіп пайдалана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет