Балабақшада ұлттық ойындардың қолдану жүйелері:
1. Таңертеңгілік-гигиеналық жаттығуда;
2. Сергіту сәттерінде;
3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде;
4. Таза ауаға серуенге шыққанда.
Ұлттық ойындарды табиғат аясына серуенге шыққанда, тәрбие жұмысына мүмкіншілікке қарай ұйымдастырса, балалар сол ойындар арқылы жақсы тәрбиені, өмірге қажетті қимылдарды тез үйреніп, ақыл-ой парасаты дамиды.
Дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің міндеті - қимылдың белгілі бір кешенін жасап үйрену болып табылады.
Мақсаты - баланы өнегелікке, сымбаттылыққа, күштілікке, төзімділікке тәрбиелеу. Ойынды тиімді пайдалану - ұйымдастырылған іс-әрекеттің әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне орай, қарапайым болуы керек. Ойынның ережеге сәйкес орындалуына - тәрбиешілердің ойынның мазмұнын дұрыс түсіндірмеуінен болады. Мұндай жағдайда балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Ойын барысында көрнекілікті алдын-ала дайындауы тиіс. «Аңшы мен ит және қояндар», 5-6 жастағылар үшін «Торғай мен мысық» ойындары барысында алғашқы күннен бастап өзін-өзі тежеуге үйрету керек. Барлық баланың қабылдау қабілеті бірлей емес екендігі, яғни белсенділер мен әлжуаз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау оларды әр түрлі орынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысында баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігі артады.
Ұлттық ойыннан ой-танымы жаттығуларын, тапқырлыққа, ептілікке машықтану көріністерін байқаймыз. Атап айтқанда: ұлттық ойындардың ішінде ер балалардың денесін шынықтырып, икемділігін, сергектігін, күш-қабілетін толықтырып, машықтандырытын да, ой тапқырлығы мен шешендігін жетілдіретін, ой сергітетін, білімін байытып, тапқырлығын танытатын түрлері бар. Ер балаларға арналған «Ат жарыс», «Қап киіп жарысу» баланың күшін дамытып, жігерін, денесін ширатып, бұлшық еттерін нығайтып, төзімділікке, батылдыққа баулиды. Өз бойындағы күшін, әдіс-айласын түгел пайдаланатын «Қазақ күресін» алайық. Күрестің «Білектесу», «Аударыспақ» сынды көптеген түрлері бар. Ойын барысында бала мінез-құлық ережелері мен нормаларын, өмірге көзқарасын, өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен игереді.
Қазақтың ұлттық ойындарының өзіндік ерекшелігі қыз балаларға арналған ойындардың болуы. Қыз баланың биязы болуы, дене икемділігі мен нәзіктігіне тәрбиелейтін ойындарды жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланған. Қыздардың «Қуыршақ» ойынында қуыршаққа киім дайындау, отбасындағы ата-ана рөлдерін сомдау, кейіптендіру олардың психологиясына саналылық өзгерістер тудырады. Мазмұнды ойындар арқылы өз әрекетін өзгелермен үйлестіруге, түсінуге талпынса, өзінің ақыл-есін түгел сол ойынның мақсатына жетуге жұмсайды, шындыққа сенеді, тапқырлық пен табандылыққа ұмтылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» сияқты ұлттық ойындарды жаңа материалдарды бекіту немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұлттық ойынмен сабақтастырып түсіндірсе, баланың пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруіне ықпал етеді. Мысалы: «Даусынан таны» ұлттық ойыны барысында балалар шеңбер болып отырады. Санамақ санау арқылы бір бала жүргізуші болып, көзін орамалмен байлайды. Ортаға шыққан жүргізуші атын атаған баланың даусынан тануы тиіс. Таба алмаса, айыбына тақпақ немесе ән айтуы керек. «Шалма тастау» ойынына қатысушылар алаңға топталады. Мәре сызылып, он метр жерге қазық немесе үшкір ағаш қағылады. Ұзындығы сол жерге жететін арқанның бір ұшы ілмекпен, шалма тастайды.
Қыз балаларға арналған «Үй тұсынан ақ қоянды ояту» ұлттық ойынында бір ырғақта әрекет жасап, ән айтуға, тіл байлығын молайтуға, моральдық, эстетикалық тәрбие беруге тигізер септігі мол. Ойынды қызықты өткізу үшін - ойынның шартын бұзбау, достарын ренжітпеу, жеңілсе ашуланбау, бастаушының айтқандарын орындау керек.
Пайдаланылған ойындарды қортындылағанда баланың өздеріне талдау жасату қажет. Балалардың не себептен немесе қандай мүмкіндікпен жеңіске жеткендіктерінде көздерін жеткізу арқылы балалар ойын ережесін жете түсінетін болады.
3. Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлттық ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Мәселен, бірінші және екінші сынып оқушылары үшін «Ақсерек – Көксерек» ойынын ойнатқанда, ойын қанша қызықты болып, балаларға ұнағанымен, олардың екпіндей жүгіріп, ұстасқан қолдардын бұзып өтуге күштері (шамалары) жетпейтінін аңғаруға болады. Ал үшінші сынып оқушыларына бұл ойынды жеңілдетіп пайдаланған дұрыс.
Ойын мектептің денешынықтыру алаңында өтеді. Ойынға спорт мүліктерінің қажеті жоқ ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ бір – бірінен 8-10 метр қашықтықта біріне – бірі қарама – қарсы қол ұстасып тұрады. Мұғалімнің көмегімен оқушылар өздеріне басқарушылар сайлап алады. Топты басқарушылар өз топтарының оң жақ басында тұрады. Бірінші топтың басқарушысы: «Ақсерек пен Көксерек, бізден сізге кім керек?» деп екінші топтан сұрайды. Екінші топтың жетекшісі керек адамның атын айтады. Аты аталған бала жүгіріп келіп шақырған тізбектегі ойнаушылардың ұстаған қолдарын әлсіз жерінен үзіп өтуге тырысады.Егер тізбекті үзіп өтсе, сол екі ойыншының біреуін өз тобына ертіп әкеледі, үзе алмаса, өзі сол топқа қосылады.
Ендігі шақыруды – екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла береді. Бұл ойынды мұғалім сабақтың орта тұсында қолдануына болады. Сабақтың аяғына қарай байсалды ойындарға, не жаттығуларға көшкен дұрыс. Ойынды дене шынықтыру сабағының әрбір тақырыбында қолдануға болады. Мұнда оқушылардың дене тәрбиесіне байланысты барлық қажетті жаттығулар бар, әсіресе, жүгіруге, бұлшық еттердің жетілуіне әсері мол. Бірікке әрекетіре оларды жеңіске жеткізеді. Ойында оқушылардың бірін – бірі түсінуі, бір ұжымға ұйымдасуы сияқты оқушыларға аса қажетті мінез – құлық сапаларын қалыптастыруға болады. Сондықтар мұғалім оқушыларға ойынды тек тақырыпқа қарай ыңғайлап ала салмай әрбір ойынның тәрбиелік мәніне сыныптағы балаларға берер білімдік, тәрбиелік маңызына көңіл бөлуі тиіс.
Балалықтың базарлы шағындағы ойынның қайсысында мазмұнына қарай, өлең, тақпақ, ән араласады. Оның тікелей мазмұнында болғанмен жеңіліс тапқан топ немесе ән, болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып айыбын өтеуге тиіс. Бұл қазақтың ұлттық ойынындағы басты ерекшелік.
«Кім бұрын?», «Қаздар мен қасқыр», «Доп орталығы», «Доп үшін күрес», «Тартыспақ», «Ортаны тап», «Қоян мен қасқыр», «Қуыспақ», «Жұмбақ шеш», «Мерген мен үйрек», «Көмбеге кім бұрын жетеді?», «Кім байқағыш?», «Қапы қалмас», «Кім жылдам?», «Допты көршіңе бер», т.б. ойындарды ойнатуға болады. Осындай жеңіл командалық ойындар оқушыларды тек дене жағынан ширатып, денсаулықтарын жақсартып қана қоймайды, олардың білімдерін де шыңдап, басқа сабақтан алған білімдерін ширата түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |