Қуыршақ театры арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттін дамыту Мақсаты



бет1/3
Дата31.08.2022
өлшемі24,37 Kb.
#148476
  1   2   3
Байланысты:
уырша театры ар ылы мектепке дейінгі балаларды шы армашылы


Қуыршақ театры арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттін дамыту.
.
Мақсаты: театрлық шығармашылыққа қызығушылықтарын дамыту
Тапсырмалары:
- Баланың театрлық шығармашылық орталығына дамуына назар аудару;
- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу. 
- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу
- Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту,көрсету. 

Ерте жастан баланың шығармашылығы пайда бола бастайды.Сондықтанда баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда театрлық іс-әрекет қабілетінің маңызы зор. 
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Театрланған әрекет бұл – эмоция – ынталандыру - сөйлеу әрекеті. Костюмдардың әртүрлілігі, спектакльдер, кішкене қойылымдар балалардың театр ойындарына , театрландырылған әрекетке қызығушылығын дамытады.
Адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сеізінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамыуын театрландырылған қуыршақ ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желісі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы саханада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытамыз. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Кейіпкерлердің диалогы, жаңа рөлдер, баланың сөйлеу қабілетін, қызығушылығын арттырады. Әсіресе балаларға өлең түріндегі диалогтар ұнайды.Театр балаға өз ойын, мүмкіндігін іске асыруда, ойын еркін айта білуде үлкен әсерін тигізеді. Рөл баланың потенциалдық, комуникативтік қорын ашуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, нәзік қол моторика әрекетін үйлестіре білуде, шығармадағы сөздерге байланысты қимылдарды үйлестіре білуде көмектеседі.
Театрландырылған әрекет балалардың кішкентай әңгімелер, тақпақтар ертегілерді рөлдермен сомдап ойнау дағдыларын қалыптастырады.
Бала тілінің қарқынды дамуына себеп болатын, театрландырылған әрекетті өз бетімен ойнауы, қуыршақтармен, кейіпкерлерге немесе рөлдерге бөліп ойнауы, сондай-ақ тақырып таңдауы, өзіне таныс мазмұнды айта білу, кейіпкерлердің атынан ойнауы негіз болады. Көп жағдайда баланың тақырыпқа қызығуы олардың ертегі тілімен сөйлеуге деген қызығушылығы тәрбиешіге байланысты.
Театрландырылған әрекет диалог, монолог арқылы сөйлеу қабілетін дамытады. Ритмикалық құрастырылған мәтіндер баланың бар ағзасымен қоса сөйлеу қабілетінің дамуына әсер етеді. Белгілі бір сомдалған рөлдің атынан сөйлегенде бала жанындағы адаммен қарым-қатынасқа еркін түседі, сөздік қоры молайып ашылы түседі.
Мектепке дейінгі балалармен спектакль құру – қызықты әрі пайдалы әрекет. Барлығы бірігіп жасаған шығармашылық әрекет белсенді емес балаларды да қызықтырып, әрекеттенуге, жанындағы балалармен қарым-қатынасқа түсуіне себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет