Математикалық модельдеу оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру қҰралы ретінде



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата25.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#173009
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
261-357-1-SM

 
Проблеманы сипаттау 
Бұл іс-шараларды жүзеге асыру мектепте шығармашылық ойлау қабілеті және стандартты емес 
шешімдер таба білу, кәсіби жолды таңдай білу, өмір бойына оқуға деген ықылас сияқты 
функционалдық қасиеттер мен жеке тұлғаның дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуге 
бағытталған. 
Осыған байланысты мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан әрі дамыту 
қажеттігі туындап отыр. Функционалдық сауаттылық мәселесі тұрғысынан математика және 
жаратылыстану ғылымдары бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізу бойынша халықаралық 
зерттеулер TIMSS (Third International Mathematic and Science Study) және PISA (Programmer for 
International Student Assessment) бағдарламасы ғылыми және практикалық маңызды болып табылады. 
PISA нәтижелерін талдау, зерттеу мектеп бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, 
оқушылардың мектепте алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілетін 
бағалауға бағытталған. 03.12.2020 күні жарияланған PISA-2018 Қазақстанның нәтижелеріне келсек, 
елдің PISA-2018-дегі оқу сауаттылығы бойынша орташа балы 387, математикадан 423 балды және 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(85), 2021 
59 
жаратылыстану ғылымы бойынша 397 балды құрады. Бұл ЭЫДҰ бойынша орташа балдан төмен 
(ЭЫДҰ бойынша оқу – 487, математика – 489 және жаратылыстану – 489). Біздің PISA-2009 және 
2012-дегі нәтижелерімізбен салыстырғанда төмен екені байқалады. Нәтижелеріміз PISA-2009-
дағыдан оқу және жаратылыстану бойынша 3 балға төмендесе, математикадан, айтарлықтай, 18 балға 
жақсарған 
[3].
Әдебиетке шолу 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне арналған шетел 
ғалымдары Кок-Синг Тан мен П. Джон Уильямс [4] , Хери Ретнавати және Нидя Ф. Вуландаридің [5] 
және Г. А. Кемельбекованың [6] және басқалардың зерттеулері бар. Математикалық модельдеуге 
К.А. Краснянская, Л.О. Денищева [7], Е. Н. Гусева [8] С. В. Юдин [9], Б. А. Горлач [10], О. 
В.Булыгина, М.И.Дли, А.А.Емельянов, Ю.В.Селявский [11], компьютерлік модельдеуге А.С.Акопов 
[12], О.К. Альсова [13]
 
және басқалардың зерттеулері арналған. Алайда, болашақ математика 
мұғалімдерін оқушылардың математикалық сауаттылығын математикалық модельдеу арқылы 
дамытуға даярлау мәселесіне арналған жеке зерттеулер жүргізілмегенін мойындау керек. 
Зерттеу жұмысының мақсаты
: болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың 
математикалық сауаттылығын практикалық есептерді математикалық модельдеу әдісін қолдану 
арқылы дамытуға даярлау. 
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми дереккөздерді талдау, әңгімелесу, 
сауалнама жүргізу, сұхбат алу, тестілеу, бақылау. 
Зерттеу болжамы: егер,
 
жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту процесіндегі 
математикалық модельдеу әдісінің ерекшелігі нақтыланып негізделсе және модельдеу әдісін 
қолдануға педагогикалық жағдайлар анықталып жасалса, онда болашақ математика мұғалімдерінің 
оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға дайындығы жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет