1-тапсырма.Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті жайлы әдебиеттермен танысып,оларды қарастырған авторлар және олардың берген анықтамаларын көрсетіп,кестені толтырыңыз.
Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті жайлы жұмыстар (оқулық,оқу құралы,монография,ғылыми мақала,дисертатция,интернет ресурстары т.с.с) атаулары. (сілтемесі)
Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті ұғымдарына берілген анықтамалар
«Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы»
Едрісова Р.Б.
Педагогикалық этика / әдеп / - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принциптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез – құлқына, іс - қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады.
Педагогикалық әдеп қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға есімін атап, құрметті және мәдени түрде, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтай отырып жүгінеді, білім беру процесіне қатысушылардың аты-жөнін жазуда және айтуда ерікті түрде бұрмалау фактілеріне жол бермейді;
3) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестерінің тарапынан осындай әрекеттердің жолын кесуге күш салады;
4) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
5) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді;
6) педагогикалық әдептің бұзылуына шағым жасаған адамдарды кемсітпейді.
9. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді;
3) дәйексіз және дәлелсіз шағымдардан бас тартады, педагогикалық әдіптің бұзылғанына шағым жасаған адамға қарсы жауап шараларын қабылдамайды.
10. Педагогикалық этиканы бұзғаны үшін педагогтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
11. Педагогикалық әдепті сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының тиісті Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестері жүзеге асырады.
Педагогикалық кәсіби мәдениет – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету